Оқушы жетістігі

🏆 БІЛІМ ТҰҒЫРЫ: 2025-2026 ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ ЕҢ ҮЗДІКТЕРІ АНЫҚТАЛДЫ!

Еңбек жанған, талант танылған сәт! Артымызда қалған оқу жылы біз үшін тек уақыт өлшемі емес, үлкен белестер мен толағай табыстардың кезеңі болды. Кеше ғана мектебімізде жыл бойы білім додаларында, ғылыми жобалар мен шығармашылық байқауларда дараланған дарынды оқушыларымыз бен олардың бағын жаққан жетекші педагогтерімізді салтанатты түрде марапаттадық! ✨
Бұл марапат — соңғы нүкте емес, бұл — жаңа биіктердің бастауы. Армандарыңыз асқақ, мақсаттарыңыз айқын болсын! Тек алға, тек биікке!

🦉 «БІЛІМ ҮКІСІ» АУЫСПАЛЫ КУБОГІНІҢ ИЕСІ АНЫҚТАЛДЫ!

2025-2026 оқу жылының дарынды оқушылармен жұмыс қорытындысы саралана келе мектебіміздің басты, салмақты марапаты — «Білім үкісі» ауыспалы кубогі өз жеңімпазын табысталды! 🏆✨

Биылғы оқу жылында білімімен дараланып, мектеп абыройын асқақтатқан, зеректігі мен дарындылығы арқасында бұл биікті бағындырған мақтанышымыз — Байтөре Толғанай Нұрланқызы! 👏👏👏

🦉 Неліктен дәл «Білім үкісі»?
Үкі — даналық пен терең білімнің, түн баласы көз ілмей ізденудің символы. Бұл кубок — тек үздік бағалардың емес, тоқтаусыз ізденістің, шыңдарды бағындыруға деген асқан құштарлықтың жемісі. Оны иелену — нағыз ерлікпен тең!

💐 Осындай оқушыны тәрбиелеген ата-анасына және бойындағы дарын отын тұтатқан жетекші ұстаздарына шексіз алғыс білдіреміз!

🌟🔢«Шамшырақ» — білім биігіне бастар жол! 🌟🔢
Мектебімізде 2-сынып оқушылары арасында «Шамшырақ» математикалық олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Бұл дода кішкентай зеректеріміздің логикалық ойлау қабілетін ұштап, математика әлеміне деген қызығушылығын арттыруды мақсат етеді.
Олимпиада барысында:
Оқушылар логикалық есептер мен қызықты тапсырмаларды орындады;
Өз білімдерін сарапқа салып, алғашқы интеллектуалдық жарыс тәжірибесін жинақтады.
Олимпиада нәтижесінде талапқа сай білім мен біліктілігін көрсете білген екі оқушы олимпиаданың қалалық кезеңінде мектеп намысын қорғайды. Қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🏆Бүгінгі «Шамшырақтар» ертеңгі еліміздің мақтанышы боларына сенімдіміз. 🏆

Алматы ауданы бойынша өткен “Мектеп лигасы” бағдарламасы аясындағы футбол жарысында ұлдар мен қыздар командалары бақ сынады. Тартысты дода нәтижесінде қыздар командасы үздік ойын көрсетіп, жүлделі ІІ орынды иеленді. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда тек жеңіс тілейміз! ⚽️🏆Жетекшісі: Баймукиров Қ.Т

Қ алалық деңгейде өткен ерекше дода — «SANA» комбинациялық пәндер олимпиадасының қорытындысы.
Қазақ тілі мен әдебиеті, биология мен география пәндері бойынша ғылым саласын ұштастырып, күрделі тапсырмаларды шеше білу — нағыз заманауи интеллектің белгісі. Сіздердің ізденімпаздықтарыңыз бен білімге деген құштарлықтарыңыз бізді мақтан тұтқызады. Жеңістеріңіз құтты болсын, жас зияткерлер! Білім белестері бұдан да биіктей берсін.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын иегері Әбілтаева Ақсана. Жетекшісі Бижанова Рыскуль Базарбаевна.

Биолгия мен география пәні бойынша ІІІ орын иегері Сақтаған Еркінбек. Жетекшісі Кушетова Мулдир Асановна.

✨ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✨

Наурыз мейрамына орай 2011–2013 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен асық ату, бес асықтан қалалық турнирде жүлделі ІІ және ІІІ орынды жеңіп алған оқушыларымыз бен жетекшісі К.Т.Баймукировті жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз! 🏆

Бұл – табандылық пен еңбектің, шеберлік пен дәлдіктің жемісі! 👏
Ұлттық спортты насихаттап, биік белестерді бағындырып жүрген жетістігіңіз біз үшін үлкен мақтаныш! 🇰🇿

Алдағы уақытта да тек жеңістер мен жарқын жетістіктер тілейміз!
Жеңіс жолыңыз әрдайым жалғаса берсін! 🌟

Пәндік олимпиадалар жүлдегерлерін марапаттау

Білім бәйгесінде топ жарып, олимпиадалардан жүлделі орындарға ие болған дарынды оқушыларымызды шын жүректен құттықтаймыз! 🏆

Сіздердің табандылықтарыңыз бен еңбектеріңіздің нәтижесінде жеткен бұл жеңістер – үлкен мақтаныш! Әр жетістік – жаңа белестерге бастар қадам.

Республикалық «КЕНГУРУ» жалпы пәндік олимпиадасының жетістіктері.

«Кенгуру» олимпиадасы жеңімпаздарын құттықтаймыз!

Мектебіміздің білім алушылары Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.

Бұл жетістік – оқушыларды білімге деген ұмтылысының айқын дәлелі.
Жеңімпаз оқушыларды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы білім сайыстарында да табысты болуларына тілектеспіз.

Жетекші ұстаздарға шығармашылық табыс, ал оқушыларға жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасының 2-сынып жеңімпаздары және жетекшісі Т.Е.Раманкулова.

Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасының 3-сынып жеңімпаздары және жетекшісі А.Б.Кукимбаева.

Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасының 4-сынып жеңімпаздары және жетекшісі С.М.Самарбаева.

Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасының тарих пәні бойынша 7-сынып жеңімпаздары және жетекшісі Т.Ш.Омаргалиев.

Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасының 5-сынып жеңімпаздары және жетекшісі Ж.К.Раманкулова.

Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасының ағылшын тілі пәнінен 8-сынып жеңімпаздары және жетекшісі С.К.Камалова.

Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасының математика пәнінің жеңімпаздары және жетекшісі Э.Ж.Капанова.

Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасының тарих пәнінің жеңімпаздары және жетекшісі Н.Б.Бижанова.

Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің жеңімпаздары және жетекшісі Ш.Б.Ерғали.

Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасының биология пәнінің жеңімпазы және жетекшісі Ж.Б.Нургалиева.

Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасының география пәнінің жеңімпазы және жетекшісі М.А.Кушетова.

Республикалық «Кенгуру» жалпы пәндік интеллектуалдық олимпиадасының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жеңімпазы және жетекшісі Р.Б.Бижанова.

Ақиық ақынның 95 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Жырлайды жүрек» байқауы – жас ұрпақтың поэзияға, рухани мұраға деген сүйіспеншілігін айқындаған тағылымды дода.

Аталған байқауда ақын жырын жаттап қана қоймай, оны жүрек сүзгісінен өткізіп, көрерменге терең сезіммен жеткізе білген бастауыш сыныптың жүлдегер оқушыларын шын жүректен құттықтаймыз! Ертарғын Іңкәр (ІІ орын). Өмірбек Аяна (ІІІ орын). Беркінбай Аяулым (ІІ орын). Өмірбек Назерке (Алғыс хат).
Сіздердің өнерлеріңіз – поэзияға деген адалдықтың, рухани биіктіктің айқын көрінісі.
Ақын сөзімен сусындаған жүректеріңіз әрдайым жыр мен шабытқа толы болсын!
Сондай-ақ, шәкірттерге бағыт-бағдар беріп, шығармашылыққа жетелеген жетекші ұстаздар С.М.Самарбаева мен А.Б.Кукимбаеваға алғысымызды білдіреміз.

✨ Мұқағали жыры – мәңгілік.
✨ Ал жырды жүрекпен оқитын жас ұрпақ барда, ұлы поэзияның ғұмыры ұзақ!

ІІІ орын иегері А.Өмірбек. Жетекшісі А.Б.Кукимбаева

ІІ орын иегері А.Беркімбай және Алғыс хат иегері Н.Өмірбек. Жетекшісі С.М.Самарбаева.

ІІ орын иегері И.Ертарғын, жетекшісі Т.Е.Раманкулова.

«Бастау» олимпиадасының қалалық кезеңінде жоғары білім деңгейін, зияткерлік қабілетін және табандылығын көрсете отырып, ІІІ орын иеленген 2-сынып оқушысы Молдабай Нұрасылды жетістігімен құттықтаймыз.

Бұл жетістік – оқушының үздіксіз еңбегінің, білімге деген құштарлығының және жетекші ұстазы Раманкулова Толкын Еришевнаның кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Ұстазға шығармашылық табыс, ал шәкіртіне жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!

«Бастау» олимпиадасының қалалық кезеңінде жоғары білім деңгейін, зияткерлік қабілетін және табандылығын көрсете отырып, ІІІ орын иеленген 3-сынып оқушысы Сансызбай Айаруды жеңісімен құттықтаймыз.

Бұл жетістік – оқушының үздіксіз еңбегінің, білімге деген құштарлығының және ұстазы жетекшісі Кукимбаева Арайлым Болатқызының кәсіби шеберлігінің нәтижесі.Жетекші ұстазға шығармашылық табыс, ал оқушыға жаңа жеңістер мен толағай табыстар тілейміз!

«Абай» пәндік олимпиадасының облыстық кезеңінде 2-9 сынып оқушылары жоғары білім деңгейін, зеректігі мен шығармашылық қабілетін танытып, жүлделі орындарға ие болды.
Білім додасында жүлдегер атанған оқушыларымызды және оларды білім мен өнерге жетелеп, нәтижелі еңбек еткен жетекші ұстаздарын шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – оқушылардың табандылығы мен ұстаздардың кәсіби шеберлігінің, үздіксіз еңбегінің айқын дәлелі.
Жеңімпаздарымызға шығармашылық табыс, толағай жеңістер тілейміз!
Ұстаздарға қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіреміз!

2-сынып жетекшісі Раманкулова Жанар Камбаровна жеңімпаз оқушыларымен

3-сынып жетекшісі Кукимбаева Арайлым Болатқызы жеңімпаз оқушыларымен

4-сынып жетекшісі Самарбаева Сакыпжамал Мартбаевна жеңімпаз оқушыларымен

Орыс тілі мен әдебиеті пәнінің олимпиада жүлдегері және жетекшісі Ерғали Шынар Бауыржанқызы

Математика пәнінің жеңімпаздары жетекшісі Капанова Эльвира Жарылгасовнамен

География пәні мұғалімі Кушетова Мулдир Асановна жеңімпаз оқушысымен

Биология пәні мұғалімі Нургалиева Жулдыз Балгазыкызы жеңімпаз оқушысымен

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Камалова Сания Камаловна жеңімпаз оқушыларымен

Тарих пәні мұғалімі Бижанова Нурсауле Базарбаевна олимпиада жеңімпаздарымен

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Бижанова Рыскуль Базарбаевна олимпиада жеңімпаздарымен

Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде жүлделі орын алған дарынды оқушыларымыз бен оларды білім бәйгесіне дайындаған жетекшілерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

🏆 Бұл жеңіс – білімге деген құштарлықтың, үздіксіз еңбектің, өзіне деген сенім мен табандылықтың айқын дәлелі. Әрбір жетістік – үлкен мақсаттарға бастайтын маңызды қадам!

👏 Оқушылардың биік белестерді бағындыруына жол көрсетіп, шабыт сыйлаған жетекші ұстаздарға ерекше алғыс білдіреміз. Ұстаз бен шәкірт еңбегінің үйлесімі – әрдайым жарқын нәтиженің кепілі.

✨ Бүгінгі жетістік – ертеңгі үлкен жеңістердің бастауы! Жеңімпаздарымызға білім жолында талмай ізденіп, армандарын нық қадаммен жүзеге асыруды, алдағы республикалық кезеңдерде де мол табысқа жетуді тілейміз!

💫 Сенім, еңбек, білім – жеңіске апарар басты құндылықтар!

«Мың бала» республикалық олимпиадасының бастауыш сыныптар бойынша жеңімпаздарын және оларды білімге баулып, бағыт-бағдар берген жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістік – оқушылардың ізденісі мен табандылығының, ал жетекші педагогтердің кәсіби шеберлігі мен тынымсыз еңбегінің айқын нәтижесі. Бастауыш сыныптан бастап білім бәйгесінде бақ сынап, жоғары нәтиже көрсету – болашақ үлкен жеңістердің бастауы.

🏆 Жас өрендерімізге алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім көкжиегін кеңейте берулеріне тілектеспіз!
👩‍🏫 Ұстаздарымызға шәкірт тәрбиелеу жолындағы еңбектері үшін алғысымыз шексіз!

✨ Білімді ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

2-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Раманкулова Толкын Еришевна

3-сынпы оқушылары және сынып жетекшісі Кукимбаева Арайлым Болаткызы

4-сынып жеңімпаздары және сынып жетекшісі Самарбаева Сакыпжамал Мартбаевна

«Алтын сақа» олимпиадасы – білімділер бәйгесі! 🏆

Мектебіміздің 3-6 сынып оқушылары республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Алтын сақа» пәндік олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысып, білім мен зияткерлік сайысында өздерінің үздік дайындықтарын көрсетті.

📚 Оқушыларымыз Е.Болатбекұлы ІІІ орын, Н.Аскаров ІІІ орын, Н.Айса мен А.Сейлханова мадақтамамен марапатталды.
Бұл – оқушыларымыздың талпынысы мен ұстаздарының еңбегінің жемісі!

🎉 Құттықтаймыз!
Дарынды шәкірттерімізге шығармашылық табыс, биік белестер мен толағай жеңістер тілейміз!

1-сынып

📚 БІЛІМ ЖОЛЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖЕҢІС!
Білім әлеміне енді ғана қадам басқан 1-сынып оқушылары республикалық «Ақбота» интеллектуалдық олимпиадасында өздерінің тапқырлығын, зеректігін көрсете білді.
🌟 Алғашқы білім бәйгесінде жүлделі орын иеленген кішкентай жұлдыздарымызды шын жүректен құттықтаймыз!
📌 Жетістіктеріңіз көп болсын, болашақ білім шыңдарын бағындыра беріңіздер!

📚 2-СЫНЫП ЖЕҢІМПАЗДАРЫ!
Білім бәйгесінде алғашқылардың бірі болып бағы жанған 2-сынып оқушылары «Ақбота» интеллектуалдық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды!
🔹 Зеректік пен тапқырлық танытқан кішкентай данышпандарымызды шын жүректен құттықтаймыз!

📘 3-СЫНЫПТЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ!
«Ақбота» олимпиадасында өз білімін дәлелдеген 3-сынып оқушыларының жеңісі – мақтанышымыз!
🔸 Ұқыптылық пен ынтасының нәтижесін көрген оқушыларға алғысымыз шексі

📖 4-СЫНЫПТЫҢ ТАПҚЫР ТҰЛҒАЛАРЫ!
Ақыл мен білім сайысында оза шапқан 4-сынып оқушылары «Ақбота» олимпиадасында тамаша нәтиже көрсетті!
🔹 Жеңіс құтты болсын! Жетістіктеріңіз жалғасын таба берсін!

📗 5-СЫНЫП ЖАРҚЫН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ!
Бәсекеде білім мен зеректігін танытқан 5-сынып оқушылары республикалық «Ақбота» интеллектуалдық олимпиадасында жүлделі орындарға ие болды.
🔸 Жас зияткерлерімізге сәттілік пен шабыт тілейміз!

Білім бәйгесінде топ жарған 4-сынып жеңімпаздары, сынып жетекшісі С.М.Самарбаева

🌈 «ПОНИ» халықаралық байқауындағы ЖЕҢІС! 🏅

Мектебіміздің оқушылары халықаралық деңгейде ұйымдастырылған «ПОНИ» (Первые Опыты Научных Исследований) интеллектуалды байқауына қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, дипломдармен марапатталды!

🔬📖 Бұл байқау – оқушылардың ғылыми қызығушылығын арттырып, зерттеушілік қабілетін дамытуға бағытталған.

🎉 Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбектеріңіз жана берсін, болашақ зерттеушілер!
Білімге деген құштарлықтарыңыз өрлеп, жаңа биіктерге жетелей берсін!

⚔️ МАХАМБЕТ РУХЫН ЖАНҒЫРТҚАН ЖАС ДАРЫНДАР!
Республикалық «Махамбет оқулары» байқауында жыр алыбының өр рухын жүректеріне сіңіріп, поэзияға деген сүйіспеншілігін өнермен ұштастырған мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарға ие болды! «Ұлы арман» номинациясы бойынша Асылхан Ағарыс, «Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Байтөре Толғанай АЛҒЫС ХАТПЕН марапатталды.
🌟 Өнер мен руханиятты дәріптеген шәкірттерімізді және оларды дайындаған ұстазын шын жүректен құттықтаймыз!
📚 Тек алға, жас тұлпарлар!

🎵 НҰРҒИСА ӘУЕНІ – БАЛАЛАР ӘНІМЕН ҰЛАНДЫ! 🎶
Халық композиторы, дәулескер күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына арналған қалалық хор ұжымдары байқауында мектебіміздің мектепалды даярлық сынып тәрбиеленушілері үздік өнер көрсетіп, І орынға ие болды!

🎤 Балдырғандардың таза да тәтті үні, тиянақты дайындықтары мен көркем сахналық мәдениеті әділқазылардың жоғары бағасына ие болды.
🌟 Жас өнерпаздарымызды және оларға жетекшілік еткен Г.М.Кулшанбаеваны шын жүректен құттықтаймыз!

Жетістіктерің көп болсын, балғын дарындар!

Қазақстанның халық суретшісі М.Кенбаевтың 100 жылдығына арналған «Ғажайып сурет әлемінде» суретшліер байқауында үздік суретші атанған А.Беркінбай. Жетекшісі С.М.Самарбаева.

📸 Құттықтаймыз!
Қазақстанның халық суретшісі Молдахмет Кенбаевтың 100 жылдығына арналған «Ғажайып сурет әлемінде» атты суретшілер байқауында үздік суретші атанған мектебіміздің оқушысы Беркінбай А. – өнердегі үлкен жетістіктің иесі атанды!

🎨 Сурет өнеріне деген шынайы қызығушылық пен еңбектің нәтижесі – осындай марапат!

👏 Жетекшісі *Самарбаева С.М.

Абай мұрасын дәріптеген дарынды оқушылар!

«№54 негізгі мектебі» КММ оқушылары қалалық «Абай оқулары» олимпиадасына* қатысып, ұлы ойшылдың өнегелі сөзін, рухани терең шығармашылығын насихаттауда белсенділік танытты.

Терең білім, тапқыр ой, шебер тілдік сауаттылықпен ерекшеленіп, жүлделі орын иеленген оқушыларымызды және оларды дайындаған пән мұғалімдерін шын жүректен құттықтаймыз!

Абайша ойлап, Абайша сөйлеуді жалғастыратын ұрпақ барда – ұлттық рухымыз ешқашан сөнбейді!
Жеңістеріңіз көп болсын, талапты оқушылар! Абай әлеміне сапар жалғаса берсін!
Талапты шәкірттерімізге шығармашылық шабыт, жаңа жетістіктер тілейміз!

Мектепалды даярлық сыныбының оқушысы Хан Әзімханұлын «Бояулар құпиясы. Менің отбасым» туындыларымен ерекшеленген жүлделі ІІІ орынды жетістігімен құттықтаймыз.

СӨЗ ӨНЕРІНІҢ САМҒАҒАН СҰҢҚАРЛАРЫ! ✨
Қазақтың арқалы ақын қызы – Фариза Оңғарсынованың поэзиясына арналған «Фариза оқулары» байқауында мектебіміздің оқушылары ерекше өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!

📝 Бұл байқау – оқушылардың көркем сөзге, әдебиетке деген сүйіспеншілігін, поэзияны сезіну қабілетін шыңдайтын тағылымды дода.

👏 Қатысушылар Фариза жырларын жүрекпен оқып, көрермен көңілінен шығып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Оқушыларымызға шабыт сыйлап, байқауға дайындаған жетекші мұғалімдерге алғысымыз шексіз!

🌟 Жеңімпаздарымызға шығармашылық шабыт, биік белестер тілейміз

Есенин оқуларының жүлдегері 8-сынып оқушысы Әділетқызы Нұрай

ПОЭЗИЯ ӘЛЕМІНДЕГІ ЖАРҚЫН ЖОЛ! ✨
Қалалық деңгейде өткен Есенин оқулары байқауына қатысып, көркем сөздің қадірін сезініп, мадақтамаға ие болған оқушымызды шын жүректен құттықтаймыз!

🏅 Әділетқызы Нұрай – Есенин жырларын жүрекпен оқып, тыңдарман көңілінен шығып, байқауда белсенділігімен дараланды.

📚 Поэзияға деген сүйіспеншілік пен шынайы орындау шеберлігі үшін марапатқа лайық деп танылды.
Бұл – рухани дамуға, сөз өнеріне деген қызығушылықтың айғағы.

👏 Жетекші мұғаліміне алғыс білдіре отырып, оқушымызға шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

🧠✨ «Сократ» халықаралық білім олимпиадасы ✨🧠
Мектебіміздің білімді де белсенді 3-4 сынып оқушылары математика пәні бойынша «СОКРАТ» халықаралық олимпиадасына қатысып, өз білімдерін сынап, ерекше нәтиже көрсетті!

📚 Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылыққа баулу және білімге деген қызығушылығын арттыру.
📌 Оқушылар түрлі пәндер бойынша күрделі тапсырмаларды шешіп, зейінділігімен, жылдамдығымен көзге түсті.

🏅 Қатысушы оқушыларымызға алғыс білдіреміз!
Білімге құштар ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!
Жеңіс пен жетістік жолы үзілмесін.

🏆 «Алтын сақа» олимпиадасы – білімділер бәйгесі!
Бастауыш буынның білімді де зейінді 3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» олимпиадасы ұйымдастырылды.
Зеректігі мен тапқырлығын көрсете білген оқушылар өз білімін сынға салды.

📚 Олимпиаданың мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының пәнге қызығушылығын арттырып, логикалық ойлау мен шығармашылық қабілеттерін дамыту.

🎖 Жеңімпаз оқушылар қалалық кезеңге қатысуға жолданды.

🏆 «Алтын сақа» олимпиадасы – білім мен ой жарысы!
Мектебімізде 5-6 сынып оқушылары арасында зияткерлік қабілеттерді шыңдауға бағытталған «Алтын сақа» олимпиадасы өткізілді.
Оқушылар өз білімін, тапқырлығын, логикалық ойлау қабілетін көрсетіп, жоғары нәтиже көрсетті.

📘 Олимпиаданың мақсаты – білімге құштарлықты арттыру, шығармашыл әрі ойлы тұлға қалыптастыру.

🎖 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер өз қатарластарына үлгі бола білді және олимпиаданың қалалық кезеңіне 6 оқушы қатысуға жолдама алды!

3 сынып оқушылары К.Нұрлан., А.Сансызбай. 1 орын. Жетекшісі А.Б.Кукимбаева

6 сынып оқушысы Л.Лукпан алғыс хат иегері. Жетекшісі Ш.Б.Ерғали

🔬 ҒЫЛЫМҒА ҚАДАМ – ЖЕҢІС ЖОЛЫ! 🏆
Республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Зерде» шығармашылық жобалар мен зерттеу жұмыстары конкурсында мектебіміздің жас зерттеушілері өз білімін, тапқырлығын, зерттеушілік қабілетін жоғары деңгейде дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды!

🏅 ЖЕҢІМПАЗДАР:
🔹 Сансызбай Айару І орын
🔹 Нұрдан Көзайым І орын
🔹 Лупан Лунара алғыс хат

👩‍🏫 Жетекші мұғалімдер:
А.Б.Кукимбаева және Ш.Б.Ерғали – оқушылардың ғылыми ізденісіне бағыт беріп, байқауға кәсіби деңгейде дайындағаны үшін алғыс білдіреміз.

🔍 Бұл байқау – жас ұрпақтың зерттеушілік мәдениетін қалыптастыруға, ғылымға қызығушылығын арттыруға үлкен мүмкіндік.
Жас ғалымдарымыздың жеңісі – мектеп мақтанышы!

💫 Жетістіктеріңіз толастамасын! Ғылым жолындағы ізденістеріңіз нәтижелі болсын!

"№54 негізгі мектебі" КММ