Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір — бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Тақырыбы: Жазғы сауықтыру іс-шараларының бірі «Адал дос»атты қойылым
Мақсаты: «Дос», «достық» құндылығы туралы түсінікті киіпкерлерлердің қойылымы арқылы түсіндіру, сұрақтарға жауап алу. Достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Баланың денсаулыққа және бақытты өмір сүруге деген құқығын іске асырудың бірден бір жолы, жаз кезеңінде мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру болып табылады. Жазғы уақыттағы балалармен жұмысты сауықтыру деп айтады. Осы арқылы оның мақсаты мен бағыты айқындалады. Денсаулықты нығайтуға қолайлы жазғы күндерді дер кезінде пайдалану және әрбір баланың денсаулығын түзеуге және шынықтыруға ұмтылу маңызды. Балабақшаның жаз кезіндегі жұмысының негізгі мақсаты сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыруға арнаған неғұрлым тиімді жағдайлар жасау және балалардың танымдық қызығушылығын дамыту болып табылады. Жазғы кезеңде балалардың денсаулығын сауықтыру бойынша міндеттер: Мектеп жасына дейінгі балаларды тиімді сауықтыруды ұйымдастыруға арналған жағдайлар жасау. Балалардың мәдени-гигиеналық машықтарын бекітуге және жетілдіруге, еңбекке тәрбиелеуге арналған жағдайларды қамтамасыз ету. Балаларға экологиялық тәрбие беруді, жануарлар мен өсімдіктерге деген қызығушылығын белсендіру. Табиғатты қадағалау барысында экологиялық ой-өрісін қалыптастыру. Тәрбиеленушілердің таза ауада оңтайлы түрде болуын, олардың қозғалу белсенділігін қамтамасыз ету. Салауатты өмір салты – қызметтің кез келген саласында, үйде, демалысты белсенді болудың негізі. Денсаулықпен ерте жастан айналысқан маңызды. Мектеп жасына дейінгі балалардың жаздың күні таза ауада болуы бала ағзасын нығайтады және шынықтырады, олардың жан-жақты дамуы мен эмоциялық көңіл күйіне оң әсерін тигізеді.