2024-2025 оқу жылының 1 жартыжылдығы бойынша кіріктірілген ӘБ отырысы өтті…

2024-2025 оқу жылының 1 жартыжылдығы бойынша кіріктірілген ӘБ отырысы өтті.
Төмендегідей мәселелер қаралды:

  1. Психологиялық тренинг
    Қоқымбаева И.Б.
  2. І жартыжылдық білім сапасы, қорытындысы
    ӘБ жетекшілері
  3. ӘБ-тің І жартыжылдық бойынша жұмысын талдау,
    мұғалімдер жұмысының I, II тоқсандық өлшеуіші
    ӘБ жетекшілері
  4. «Мектепке дейінгі ұйымдарда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері»
    баяндама
    Кулшанбаева Г.М.
    Туремуратова А.Л.
    Бижанова Г.А.
  5. Психологиялық тренинг
    Қоқымбаева И.Б.
    Бұл тренингтің мақсаты – мұғалімдердің эмоционалдық әл-ауқатын жақсарту, кәсіби күйзелісті болдырмау, ұжымдағы ынтымақтастықты арттыру. Психологиялық жаттығулар арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту және өзін-өзі тану деңгейін көтеру көзделеді.
  6. І жартыжылдықтың қорытындысы ретінде әр пән бойынша оқушылардың оқу үлгерімі, білім сапасы, белсенділік деңгейі және қосымша іс-шараларға қатысуы талданады. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру бағытындағы жұмыс нәтижелері де қамтылды.
  7. Әдістемелік бірлестіктің І жартыжылдық бойынша жұмысын талдау және мұғалімдердің І, ІІ тоқсандық көрсеткіштері әдістемелік бірлестіктің өткізген іс-шаралары, мұғалімдердің сабақ беру әдістемелерін жетілдіру жұмыстары талқыланады. Сонымен қатар І және ІІ тоқсан бойынша мұғалімдердің білім сапасын арттыру бағытындағы жетістіктері мен қиындықтары қарастырылды.
  8. «Мектепке дейінгі ұйымдарда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері”.
    Баяндаманың мазмұны мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тиімді әдістерін қамтиды. Әдістер ретінде дамытушы ойындар, шығармашылық тапсырмалар, көрнекілік пен белсенді оқу технологиялары ұсынылды. Оқу-тәрбие үрдісін жаңаша ұйымдастыру жолдары мен тәжірибелік мысалдар талқыланды.
"№54 негізгі мектебі" КММ