2024 жылдың 4 қараша күні мектеп асханасындағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия дайындалған тағамдардың сапасын, санитарлық нормаларға сәйкестігін және тамақтану талаптарына сай болуын тексерді. Қорытынды жасау барысында келесі негізгі қадамдар жүзеге асырылады:
- Органолептикалық бағалау
Комиссия тағамның дәмін, иісін, түсін, консистенциясын және сыртқы көрінісін тексереді. Бұл мәліметтер хаттамалар кітабына жазылды және акт толтырылды. - Технологиялық процестердің сақталуы
Дайындау технологиясына сай тағам пісірілуінің дұрыстығы, температуралық режимнің сақталуы және уақытты бақылау қаралды. - Порциялардың нормаға сәйкестігі
Дайын тағамдардың көлемі мен салмағы есептелді, өлшенді және белгіленген нормаларға сәйкес болуы тексеріледі. - Санитарлық жағдайды тексеру
Асхананың тазалығы, құрал-жабдықтардың санитарлық жағдайы, қызметкерлердің жеке гигиенаны сақтауы және өнімдерді сақтау ережелері бақыланады. - Шикізат сапасы
Тағам дайындауда қолданылатын өнімдердің сапасы, жарамдылық мерзімі және қауіпсіздігі тексеріледі.
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссияның мақсаты – балалардың сапалы, қауіпсіз және теңгерімді тамақтануын қамтамасыз ету. Қорытынды нәтижелері асхана қызметкерлеріне берілді.




