2025-2026 оқу жылы бойынша мектептегі тамақтану

Мектептегі тамақтандыру

№54 негізгі мектебінде 2025-2026 оқу жылы бойынша 1-4 класс оқушыларының жаппай ыстық тамақпен қамтылуы 2025 жылдың 2 қыркүйегінен бастау алды. Президент тапсырмасы бойынша республикамыздың барлық өңірлерінде бастауыш класс оқушылары ыстық тамақпен қамтылады. №54 негізгі мектебінде 1-4 класс бойынша барлығы 86 оқушы білім алады. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы облыстық білім басқармасының басшысы бекіткен ас мәзірі негізінде дайындалады. Сонымен қатар 5-9 класс оқушылары арасында әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 18 оқушы мектеп қаражаты есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылды. Барлығы 104 білім алушы ыстық тамақпен қамтылып отыр.

"№54 негізгі мектебі" КММ