«№54 негізгі мектеп» мектеп кітапханасының жылдық талдауы

Мектеп кітапханасының мақсаты:

Оқушылардың жеке тұлғалық қаблеттері мен өзіндік, танымдық қасиеттерін дамытудың тиімділігін арттыру.

Мектеп кітапханасның міндеттері:

  1. Оқушыларды кітапханадағы бар оқулықтармен қамту. Олардың ой – өрісінің өсуіне, мәдениетті болып жүруіне бағыт-бағдар көрсету.
  2. Оқырмандармен тәрбие жұмыстарын жандандыру.
  3. Оларға мәдениетті, өнегелі, тәрбиелі өмірге баулыйтын әдеби кітаптарды насихаттау.
  4. Өмірде болып жатқан өзгеріс жаңалықтарды газет-журнал беттерінде жарияланған материалдармен таныстрып отыру.

«Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету жұмыстарының қортындысы» Биылғы оқу жылында-150 оқушы бар. Барлығы қазақ тілінде оқиды. Оның ішінде 1-сынып оқушы-16, барлығы толық оқулықпен қамтылды. 2 сыныпқа сұраныс бойынша 50-дана орыс тілі алынды, сонымен 18 оқушының оқулықтары толық бар. 3-сыныпта 11 оқушы , бәріне оқулық жеткілікті. 4-сыныпта 22 оқушыға оқулық жеткілікті. 5-сыныпта 20 оқушы бар, оқулық жеткілікті. 6-сыныпта-24 оқушы, информатика оқулығы жетпеді,№ 48 мектептен 6 оқулық жыл сонына дейін алып бүкіл оқушылар оқулықпен қамтамасыз етілді. 7-сыныпта оқушы- 25 барлығының оқулығы бар. 8-сыныпта 11 -оқушы барлығы оқулықпен қамтылды. 9-сыныпта 12 -оқушы бар бүкіл оқулықтармен қамтылып отыр. Кітапхана жұмысын жоспарлау үшін 2023-2024 оқу жылына арналған жылдық жоспар құрылды. Оқу жылының соңына дейін бекітілген жоспар бойынша жұмыс жүргізіліп жатр. Сонымен қатар Цифрлық сауаттылық 1- сыныпқа флешка 10 дана бейнелеу өнері 20 данасы келді 2-сыныпқа 50 дана цифрлық еңбекке баулу 10 дана келді. Бейнелеу өнері мұгалімге арналған флешка келді. 5-6-7-8 сыныптарға тарих және география пәндерінен карта келді. «Оқуға құштар мектеп» жобасына мектепішілік жоспар құрылды. Және жоспарға сәйкес іс шаралар өткізіліп жатр. Балалар кітапханасы бойынша жоспарда құрылды. Осы оқу жылында 340-дана әдеби оқулықтар келді. Мектеп оқушылары мен таныстырылды. Директордың бұйрығымен оқулықтар таратылды. Жаңа оқулықтарға мөр қойылды. Оқулықтарды дұрыс сақталуын қадағалау үшін ,әр тоқсан сайынғы рейд өткізіліп отырды,сынып жетекшілер мен ата-аналарға ескертулер айтылды. «54 негізгі мектеп» кітапханасы 2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 19 қаңтарындағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының кітапханалар қорын қалыптастыру, пайдалану және сақтау бойынша қағидаларды бекіту туралы» № 44 бұйрығына және 2016 жылғы 28 қаңтардағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілерін оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» № 91 бұйрығына сүйене отырып сонымен қатар мектеп кітапхана ісі туралы типтік ережесі негізінде кітапхана жұмысын жоспарлап, төмендегі жұмыстарды атқарды. Қыркүйек айында мектеп кітапханасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдық мерей тойы қарсаңында «Оқуға құштар ұрпақ» атты кітап көрмесі өтті.

Мақсаты: Оқырмандарға Алаш зиялысы, көрнекті тұлға, ағартушы,ғалым, педагог Ахмет Байтұрсыновтың әдеби мұрасымен еңбектерін насихаттау.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының ХХ- ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымының негізін салушы ғалым,ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш Орда өкіметінің мүшесі.

Ахмет Байтұрсынов- ұлт ұстазы, халқымыздың рухани көсемі. Оқырмандарымызды жыл бойы Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын оқып рухани бай болайық.

 

Қыркүйек айында рейд жүргізілді, оқушылар оқулықты қаптап барлық сыныптар жоғары деңгейде көрсетті кітап деңгейін. Мектепалды даярлық тобы мен 1- сынып оқушыларына кітапты таза ұстау туралы шағын мағұлматтар берілді.

 

Қазан айында “Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз” атты 2-сынып аралығында онлайн іс-шарамыз өтті Мақсаты.“Оқуға құштар мектеп” жобасын іске асыру мақсатында күзгі демалыс кезінде “Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз” атты іс-шара ұйымдастырылды,оқушылардың күзгі демалысын пайдалы өткізуге және кітапқа деген қызығушылығын арттыру. Оқушылар белсене қатысып кітап оқып өзара жарысты.2-сынып бойынша жалпы 10 бала қатысты. Демалысқа қарамай оқушылар кітапханаға келіп өздерінің оқыған ертегілерімен достарымен бөлісті.

 

25 қазан – Республика күніне орай «Менің Отаным — Қазақстан» кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Республика күні» – бірқатар мемлекеттердегі республиканың таптырмас атрибуты болып табылатын мемлекеттің республика болып жарияланған немесе елдің конституциясы қабылданған күні атап өтілетін ұлттық мереке.Көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі қалыптасу тарихымен таныстыру, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі оң өзгерістерді кеңінен насихаттау, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілік, патриотизм мен Қазақстан азаматтарының бірлігін көрсету. 5-6 сынып оқушылары қатысты оқушыларға сұрақтар қойылып ойындар ойнатылды.

 

Қараша айында сыныптан тыс іс-шара өтті. «Бәрін қойда, кітап оқы!» Білімнің кітап арқылы берілетінін ұғындыру, кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. Әрбір тұлғаның кітап оқу арқылы кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту. Оқырманның кітапқа деген ерекше көзқарасын қалыптастыру. Әрбір тұлғаның ой-өрісін кеңейтіп, білім алудағы кітаптың маңыздылығын айқындау, кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Оқыған кітаптың қызықты, мағыналы түйінін анықтау. Кітапхананың белсенді, үздік оқырмандарын анықтау . Оқушыларды білім құралы кітаптың маңызымен таныстыру. Оның алғашқы шығу тарихымен және алғашқы баспагерлермен, еліміздің баспаларымен таныстыра отырып, сөздік қорларын, тіл байлықтарын, ой — өрістерін дамыту. Оқушыларды білімділікке, адамгершілікке, кітапты бағалай білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

 

Тәуелсіздік күніне орай кітапханада көрме ұйымдастырылды. «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар тәуелсіздік күніне арналған өлең шумақтарын оқыды.Кітап көрмесінің мақсаты – ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі ету, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Челлендж өтті онлайн форматта. 5-6-7 сынып оқушылары қатысты.

 

Қаңтар айы “Қыста кітап оқимыз, жадымызға тоқимыз” тақырыбында 7-4 сынып оқушылары оқыған кітаптарымен бөлісті. Мақсаты: оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыра отырып, қысқы демалыс кезіндегі уақытын тиімді пайдалану.Амангелды Айзере Амангелды Мұхаммед інілеріне кітап оқып қызықты ертегілермен бөлісті. Ералы Мағзұм қарындасы Ясинаға өзінің оқыған кітабымен бөлісті.

 

Оқуға құштар мектеп жобасы аясында: Ақпан айында «Мен оқыған бір ертегі»

Кітаптың мәртебесін көтеру, кітап оқуды сәнге айналдыру, өмір бойы өзін-өзі жетілдіруді және білім беруді қолдау.
Оқушыларға ертегіні суреттеп, сахналап қою. Мән — мағынасын ашу, Халық ауыз әдебиеті шығарма кейіпкерлерінің істеріне баға беріп, өз көз қарастарын білдіруге үйрету. Оқушы бойындағы адамгершілік қасиеттерді дамыту, логикалық ойлауын және шығармашылық қабілетін дамыту. 2-сынып оқушылары кітапханадан алып жүрген ертегілерін қиюлы тұрған суреттер арқылы ертегі құрастырды.

 

Наурыз айында «Алғыс айту және мақал-мәтелді тап»

Мақсаты: Алғыс айту күніне орай оқушылар бір-біріне,ұстаздарына алғыс айта отырып берілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, пысықтау, кеңейту, тереңдету, білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау,тыңдау, жазу, әңгімелесу қабілеттерінің жылдамдығын, білім қабылдау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды өзін-өзі ұстауға, білімін көрсету білуге, адамгершілікке, ұйымшылдыққа, ортаға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу. Халық ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

 

Наурыз айында «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» эстафеталық жарыс

Мақсаты:

  1. Білімділік: Ұлттық ойындарды дене шынықтыру іс – әрекетерінде кең қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.
  2. Дамытушылық: Өз жерін, өз елін қорғай алатын ел жанды, ұлттық намысы мол жігерлі оқушыларды тәрбиелеу;
  3. Тәрбиелік: Жас ұрпақты өздігінен білім деңгейін көтеруге үйретіп өзін-өзі тәрбиелеуге дағдыландыру.

 

Сәуір айында «Ғарыш әлемі»

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың қос ғарышкерімен таныстыру, өмірбаянына шолу жасау, мәлімет беру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, патриоттық сезімін, әрі ұшқыш, ғарышкер болуына оқушылар қиялын тәрбиелеу, табандылыққа, шыдамдылыққа, тәртіптілікке үйрету.

 

«Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккросинг акциясы Мақсаты: кітапханадағы кітап қорын байыта отырып өзара кітап алмасу , сонымен қатар кітап оқуды насихаттау, оқуға деген қызығушылығын ояту, рухани мәдениетті көтеру.

 

Қорытынды: 2023-2024 оқу жылы кітапханада өтілетін шаралар өз деңгейінде өтті. Байдышева Ұлзира тексеріп шараларға қол қойды. «Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша ұлттық салт-дәстүрімізді, тарихымызды, мәдениетімізді, еліміздің дархандылығын, тарихымыз бен тілімізді дәріптейтін әдебиеттерді насихаттап, әр кітаптың оқырман жүрегінен орын алуын ұйымдастырып отырды.
2023-2024 оқу жылында жаңа бағдарлама бойынша 2 қазақ сыныптары үшін
«Русский язык» оқулығы және оқушы санының артуына байланысты …. қазақ сыныптары үшін қажетті оқулықтар алынып, оқушыларға таратылып берілді.
Жалпы 2023-2024 оқу жылында кітапхана қорына -……. дана оқулық және -340 дана көркем әдебиет келіп түсті, кітапханаға келген оқырмандарға кітапхананы қолдану ережелерімен таныстырылып, оқырмандарға сапалы қызмет көрсетілді.Кітап көрмелері ұйымдастырылып, «Оқуға құштар мектеп» бұрышы жасалып іс-шаралар өткізілді. Оқырмандары кітапханаға жазып, оқырман формуляры толтырылып, тіркеу кітабына енгізілді. Кітапхана жыл бойы мұғалімдерге, сынып жетекшілерге көпшілік іс-шараларды, сынып сағаттарды, пән апталарды өткізуге көмектесті. Әдебиеттің, сценарийдің, өлендердің таңдап алуы өткізілді; кітап көрмелері көрсетілді.
Мектеп кітапханасы оқушыларды тұрақты өзін-өзі білімге дарытты, жауапкершілікке тәрбиеледі, мектеп бағдарламаларына көмек етіп, әдебиетті насихаттауға назар аударды. Оқушының кітап оқу мен білім алу қуанышын дамытты және қолдады, кітапхананы пайдалану ережесімен таныстырды.

"№54 негізгі мектебі" КММ