Уақыты: 11.06.2024ж
Өткізгендер: Қоқымбаева И.Б. Аяпберген Ж.Қ.
Қатысқандар: жазғы лагерь оқушылары
I жүргізуші: Қайырлы күн! Қадірменді ұстаздар, бүлдіршін балалар, ата- аналар «Күншуақ» жазғы легерінің ашылу салтанатына қош келдіңіздер!
Бурматаева Арайлымның орындауында “Туған өлке”
Қазақстан Тәуелсіз ел екенбіз.
Жоғалмасын ешқашан берекеміз
Шын ниетпен сендерді құттықтаймыз
Құтты болсын, бүлдіршін мерекеңіз
II жүргізуші: «Күншуақ » жазғы лагерін ашу рәсімі мектеп директоры Омаргалиев Талғат Шонайбаевичке сөз беріледі.
I жүргізуші:
Бүгін қызық,бүгін той
Біздер үшін біліп қой
Дөңгеленсін би-билеп
Жалғастырсын ойды-ой
Би «Черлидинг». «Қыздар» тобы орындайды.
II жүргізуші: Жаз келіп,күн шығып, әдемі гүлдер жайқалып, дала жасыл кілемге орануда. Әсем әуен тыңдап би-билеп Арайлым қызымызбен Лунара қызымыздың “Билеп-Билеп” атты әсем әуенің тыңдап бірге билеп отырайық.
II жүргізуші:
Ұлылардан ұлағат ап жаңаша
Байқауларға ой қосамыз таласа
Талабы зор балаларды танытып
Таныстырған «Қыздар тобын» ол тамаша
Би «Қыздар» тобының орындауында .
I жүргізуші:
Біз бақытты баламыз
Оттай лаулап жанамыз
Балдәуреннің төрінде
Шырқап әнге саламыз
Ән “Қазағымның дәстүрлеріай “Лукпан Лунараның орындауында.
I жүргізуші:
Аспан тұрса күлімдеп,
Айын биік орнатып
Ақса бұлақ гүрілдеп,
Балаларға сол бақыт!
I жүргізуші:Келесі кезекте «Күншуақ» жазғы лагерінің ұжымының атынан “Аюды” қарсы алыңыздар!
Бәріміз билейміз!!!
I жүргізуші: «Күншуақ» лагерінің ашылу салтанатына келгендеріңізге көп- көп рахмет, көк аспанда байрағымыз желбіреп, есен-саулықта кездескенше деп “Күншуақ” жазғы лагерінің ән ұранымен бүгінгі шарамызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!
Қорытынды: «Күншуақ» жазғы лагерьінің ашылу салтанатына балалар жақсы көңіл-күйде қызығушылықпен қатысты. Балалар барлығы ән айтып, би билеп көңіл көтерді.Концерт соңында аю келіп оқушыларға балмұздақ таратты. Оқушылар мәре-сәре болып қуанды. Әрі қарай оқушылар асфальтқа сурет салды. Сонымен бірге су шашысып, бір-бірімен асыр салып ойнады.