«№54 негізгі мектебі» КММ 5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі «Тілім менің — ғасырларға аманат» тақырыбында өткізілген ОНКҮНДІК
Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе.
Мақсаты: Жас ұрпақтың Халықаралық тілдер күніне деген құрмет пен сүйіспеншіліктерін ояту, сан ғасырлық ұлттық құндылықты сақтау, тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлының мұрасын және қазақ әдебиетінің мәдениеті мен тарихындағы қайталанбас тұлға Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына сәйкес мұраларын насихаттау.
Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау және бірлесе жұмыс жасауға тәрбиелейтін «Тілдер әлемінде» тақырыбында ұйымдастырылған қабырға газеттерінің айдары.
Тәуелсіздігіміздің тұғырына көтерілген жылдар ішінде елдің бірлігі артқандай. Елімізде ұлтымыздың ұлы тілімен қатар әлемдік тілдердің де құндылығы жоғары. Қазақ балаларының өзге тілді меңгергеніне қуанып, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілінде сөйлеп, білім алып жатқанын көргенде, бір жасап қаламыз. Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру.
5-9 сыныптар аралығында «Тіл тазалығын сақтайық» тақырыбында қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен сауатты, көркем жазуды арттыру мақсатымен диктант жұмыстары жүргізілді.
Онкүндік аясында бастауыш буын білім алушыларының қызығушылықтары мен сауаттылықтарын арттыру мақсатында «Тіл білгірі» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланған топтық жұмыс қызықты, қарқынды өткізілді. Бірнеше бағыттан тұратын ойын бірлігі мен достығы жарасқан қатысушылардың әуезді әнімен аяқталды.
«Тіл – әр халықтың мұрасы» тақырыбында өткізілген шара білім алушылардың жан-жақтылығын, шығармашылық қабілеттерін арттыру және эстетикалық биік талғамдарын шыңдау, өнерді құрметтеуге ұмтылдыру мақсатында ұйымдастырылды. Бұл шарада оқушылар көзделген мақсатты жүзеге асыра білді. Тәуелсіз ел көкбайрағының аясында келісім мен бейбітшілікте өмір сүріп жатырған өзге ұлт өкілдерінің өз тілінде танымал әндерін жарасымды орындап, өнерге деген сүйіспеншіліктерін мектеп сахнасында көрсете алды.
Ғасырдан ғасырға жеткен халықтың қазынасы – тілі, ділі, салт-дәстүрі, әдебиеті мен өнері ұлттың құндылығын айқындайды. Қазақ халқы бұдан кемде емес.
«Ұлттық құндылықтардан жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халықтың мүддесі мен мұқтажын жоқтайтын пайдалы азамат шықпайды» деген болатын мемлекет қайраткері Мұстафа Шоқай.
Сондықтан алдымен ұлтты құрайтын әрбір азаматтың жүрегіне ұлттық құндылықтарымыздың бірі – ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында ер балалалар арасында «Асық ату» ойыны ұйымдастырылды. Дана халқымыздың «Асығың алшысынан түссін» деп мақалдап сөйлеуінде асық ойынының қазақ мәдениетіндегі өзіндік орнын байқатады. Жақсы көрген жас буынға «алтын асықтай немесе киіктің асығындай шымыр бол» деп сипаттау тегіннен тегін туындамаған. Өйткені осы ойын арқылы бабаларымыз жас ұрпақты жастайынан жүйке жүйесін шыңдауға, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдыққа, төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеген.
Қазақ әдебиетінің өркендеуіне өзіндік үлес қосқан Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдық мерейтойына орай
Оқу – білім қазығы,
Адамның азығы.
Оқу – өмірдің сәні,
Тіршіліктің шамы, — деп жырлаған еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрескен, Алаштың ардақтысы Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығынан сыр шертер «Сәкен-жырдың сарқылмас дариясы» тақырыбында әдеби кеш өткізілді. Кеш барысында мектеп білім алушылары ақынның шығармаларын жатқа оқып, өмір жолынан сахналық көрініс көрсетті.







































