«№54 негізгі мектебі» КММ жанынан ашылған

«Абылай» шағын орталығы

Біз туралы

Сiздiң балаңызды жинақы, ерiктi, өзiне-өзi сенiмдi, Абайдың, Пушкиннiң тiлiнде сөйлей алатын ұрпақ ретiнде тәрбиелеуге тырысамыз деп үмiттенемiз. Оның бойындағы өнердi ашып, өздiгiнен әрекет жасауға, дәстүрден тыс ойлауға, бос уақытын ұйымдастыруға көмектесемiз. Дұрыс тамақтанып, жақсы қарым-қатынас жасауына жағдай жасаймыз. №54 негізгі мектебі КММ-нің жанынан ашылған «Абылай» шағын орталығы, Сiздiң балаңыздың сенiмдi көмекшiсi, жақсы досы болуға дайын., құрметтi ата-аналар! Балаңыздың уақытының бiр бөлiгiн бiзге сенiп тапсырыңыз, ал бiз болсақ, оның балалық шағының естен кетпес қызғылықты болуына қолдан келгеннiң бәрiн аямаймыз!

№54 негізгі мектебі КММ-нің жанынан ашылған «Абылай» шағын орталықта 1 топта 25 бала тәрбиеленіп жатыр, сонымен қатар, шағын орталықта 2 педагог жұмыс жасайды. Санаты модератор – 2 педагог жұмыс жасайды. Жоғары оқу орындарын бітірген 1 маман, арнаулы оқу орнын бітірген 1 маман және шағын орталықта бала күтуші (няня), еден жуушы жұмыс істейді.

Шағын ораталықтың ата-аналармен тығыз байланыста болған жағдайда ғана талапқа сай жұмыстар жүргізуге болады. Сондықтан ата-аналармен кеңесе келе «Ашық есік» күнін жоспарға ендіріп, және ұйымдастырылған іс-шараларға, жазғы сауықтыру жұмыстарына да қатыстырып отырамыз.

Біздің жаңалықтар

"№54 негізгі мектебі" КММ