Өткізілетін күн: 21.01.2025 жыл
Тақырыбы: «Әріптерден сөз құрау» ойындары
Қатысушылар: 1 сынып
Барлығы: 25; қатысқаны: 22, қатыспағаны:3;
Өткізген: педагог-психолог Қоқымбаева И.Б.
Сабақтың мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, шашылған дыбыстардан сөз құрастырып, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.
Барысы:
1 «Адасқан әріптер» ойыны
Мақсаты: Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
Ойын шарты: Берілген әріптердің орнын ауыстыра отырып, сөз құрау.
Мыс: Қ,у,о,ы,ш¬ оқушы
Т,п,і,к,а¬………………….. І,і,б,л,м¬…………………… М,м,ғ,ұ,а,л,і¬……………..
2 «Шашылған дыбыстар» ойыны.
Мақсаты: Шашылған дыбыстардан сөз құрастырып, баланың сөздік қорын молайту, шапшаң ойлауға тәрбиелеу.
Ойын шарты: Сыныпты бірнеше топтарға бөліп ойынды жарыс түрінде өткізуге болады.
Шашылған дыбыстардан бірнеше сөздер құрау,
мысалы: а,л,к,л,й,ү,н дыбыстарынан мынандай сөздер құрауға болады:ай,күн,үй,т.б.
3 «Көңілді әріптер»
Мақсаты: Әріптерді әуенге қосылып айту арқылы , жақсы тыныс алып, жақсы көңіл күй орнату .
Өту барысы: Қатысушылар терең демалып, босанысып , дөңгеленіп отырады.
Ең алдымен терең тыныс алып дыбыстарды қайталау . Ән тындап сол әнді дыбыстар арқылы айту.
Бір әріпке 30 секунд беріледі.
А- Барлық дене мұшелеріне жақсы әсер береді.
Е- дыбысты шығаруға жақсы әсер береді
И-ми, көз, мұрын, құлаққа жақсы әсер береді.
О-жүрекке, өкпеге жақсы әсер береді.
У- іш құрыстарға жақсы әсер береді
Я- Барлық іштегі сезімдерге жақсы әсер береді
М- барлық дене мүшелеріне жұмыс істеуге көмектеседі
Х-дененің тазаруына көмектеседі
ХА- көңіл- күйді жақсартуға көмектеседі
Кері байланыс:
Балалар бүгінгі ойындардан қандай әсер алдыңыздар?
Не ұнады?
Қиындық тудырды ма?
Қорытынды: Оқушылар бүгінгі ойындар барысында әріптерді құрастыруда қызығушылық танытты, барлығы жақсы көңіл-күйде орындады, топтық ойындарда бір-біріне көмек беріп, әріптерді есте сақтады. Ойын соңында «Көңілді әріптер» жаттығуы жүргізілді.
Ойын сәтінен фотоесеп