МА сыныбымен «Қол моторикасын дамыту ойындары»

Психологиялық қызмет

Өткізілетін күн: 15.01.2025 жыл

Тақырыбы: «Мектепалды сынып тәрбиеленушілерінің қол моторикасын дамыту ойындары».
Қатысушылар: Мектепалды сыныбы
Сабақтың мақсаты: Психологиялық ахуал жасау, қол моторикасын дамыту, икемділікке үйрету, оқу процесіне бейімделуіне ықпал ету
Өткізген: педагог-психолог И.Б.Қоқымбаева
Барысы:
Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар!
Көңіл күйлеріңіз қалай?
Мен сіздермен бүгін жүздесіп отырғаныма өте қуаныштымын! Олай болса,бір-бірімізге деген мейіріммен, жылы сезімдерімізді ояту үшін, жақсылап бір ерекше амандасып алайықшы.
Амандасу түрлері
Ол үшін, сыныптың ішін еркін аралап жүреміз. « Бір-бірлеріңе жақындандар» дегенде өздеріңе жұп табасыздар. Содан кейін мен, сіздерге тапсырма беремін. Бастайық!
Енді, бір-бірлеріңе қол алмасыңдар, жақындасындар-аяқ-аяғымызды, қол қолдарымызбен, иық-иықтарыңызбен,бет-беттеріңізбен,мұрын-мұрындарыңызбен амандастырамыз. (жақсы,өте тамаша!)

Нұсқау:

1 «Конструкторлар» құрастыру ойыны.

Мақсаты: Қолдың ұсақ моторикасын, қиялын дамыту, икемділікке, төзімділікке үйрету, зейінін тұрақтандыру.
Шарты: оқушылар әр түрлі пішінде кострукторлар беріледі. Әр оқушы детальдардан өз қиялымен әр түрлі заттар құрастырады.

2 «Пішіндер құрастыру» ойыны.

Мақсаты: Қолдың ұсақ моторикасын дамыту, пішіндерді, түстерді ажырата білуге үйрету.
Шарты: Оқушылар алдына әр түрлі пішіндер мен карточкалар беріледі. Суретке қарап қай пішін сәйкес келеді, орнына сәйкестендіріп қойып шығады. Болғаннан кейін пішін қандай және түсін атап айтады және суреттің атауын айтады.

3 «Бау байлау» жаттығуы.

Мақсаты: Қолдың ұсақ моторикасын дамыту. Түстерді ажыратуға үйрету.
Шарты: әр оқушыға фетр матадан жасалған гүл және бір-бір баудан беріледі. Гүлдің ортасындағы тесіктерге бауды өткізіп шығуы керек. Болғаннан кейін қалай жасағаны туралы айтады және түсін айтады.

4 «Құм терапиясы»

Мақсаты: оқушының ішкі сезімін сыртқа шығаруға, жүйке жүйесін тыныштандыруға әсер ету.
Шарты: Оқушы құмға өз ойындағы суреттерді бейнелейді. Болғаннан кейін салған суреті туралы әңгімелеп береді.

5 Қорытынды:

Бүгінгі тренинг ұнадыма?
Қандай әсер алдыңыз?
Әр қайсысы өз ойын білдіреді.
Назарларыңызға рахмет!

Ойын сәтінен фотоесеп:

"№54 негізгі мектебі" КММ