Наурыз айының 27 күні әдістемелік кеңес жоспарына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық…

Наурыз айының 27 күні әдістемелік кеңес жоспарына сәйкес қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану және ИФМ, мектепке дейінгі ұйым және бастауыш сынып пәндері әдістемелік бірлестіктерінің кіріктірілген отырысы өткізілді. Күн тәртібіне қойылып, отырыс барысында талқыланған мәселелер:

1. «Дене шынықтыру сабақтарында жаңашыл әдістерді қолданудың тиімділігі» тақырыбында баяндама.

2. III оқу тоқсанының білім сапасының көрсеткішін талқылау, өсу, кему себептері.

3. Оқушы мен мұғалімнің бағындырған жетістіктері.

4. 4,9 сыныптар бойынша мемлекеттік аттестацияға дайындық барысы. Кіріктірілген отырыс мектеп психологы И.Б.Қоқымбаеваның психологиялық тренингімен бастау алды және күн тәртібіне қойылған мәселелер жан-жақты талқыланып, отырыс шешімі  шығарылды.

"№54 негізгі мектебі" КММ