Қамқоршылар күніне арналған «жылы жүрек» акциясы

2024 жылдың 29 қазанында «№54 негізгі мектебі» КММ-де Қамқоршылар күніне арналған «Жылы жүрек» қайырымдылық акциясы өтті.
Бұл іс-шараның мақсаты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеп, асырауға алған отбасыларға алғыс білдіру және материалдық қолдау көрсету.
Әртүрлі себептермен ата-анасы жоқ балалар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған адамдарға арналған ерекше күн. Бұл мектепте осы балалардың ата-анасы атанған жандарға алғыс айту жақсы дәстүрге айналған. «№54 негізгі мектебінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 3 бала мен олардың 1 қамқоршысы бар.
Мектеп директоры Омаргалиев Талғат Шонайбайұлы қамқорлық пен сүйіспеншілікке зәру бүлдіршінді қабылдаған азаматтар мен отбасыларға алғысын білдірді. Бұл балаларға, әсіресе, мұқтаж жандарға нәзіктік, ілтипат пен жанның бір бөлшегін бере білетін жандар үшін ерекше мереке екенін атап өтті.
Мектеп директорының бұл балаларға материалдық және қаржылай көмек көрсету туралы өтінішін жеке кәсіпкер Аманов Қазбай Табылханұлы есімді азамат қамқоршыларға мейірімділік пен даналықтары үшін алғыс айтып, балаларға оқу құралдарын табыс етті.

"№54 негізгі мектебі" КММ