Қатысқандар: 4 сынып
Уақыты: 05.05.2025ж
Өткізгендер: педагог-психолог И.Б.Қоқымбаева
Тақырыбы: «Сенімділік», «Мен басқаның көзімен», «Стакандар» құрастыру, «Дыбыста тап» ойындары
Мақсаты: өзіне сенімділігін арттыру, тұлғаның өзін-өзі танып білуіне, ортамен қарым-қатынасын жақсартуға көмектеседі
Шарты: Оқушыларға парақ таратылады, сол парақты теңдей етіп 2-ге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, бірінші бөлікке жағымды қасиеттерін, екінші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазады. Өздеріне жағымды қасиеттерін қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады.
Алдарыңыздағы ақ параққа саусақтың суретін бейнелеп, аты-жөнімізді жазып, келесі адамға береміз. Есімі жазылған параққа сол адамның жақсы қасиетін жазамыз. Сағат тілі бойынша парақ алмасады.
Сонымен бірге «Стакандар» құрастыру, «Дыбыста тап» ойындары өткізілді.
Қорытынды: Оқушылар барлығы еркін түрде қызығушылықпен, жақсы көңіл-күйде қатысты.
Ойын сәтінен фотоесеп


