2024 жылғы мектеп жанындағы “балдырған” жазғы лагері

“Балдырған” жазғы лагері 10 маусымда өз жұмысын бастады. Барлығы 16 оқушы қамтылды. Екі аптаға созылатын демалыста оқушыларды жоспар бойынша қызықты да, көңілді іс-шаралар күтуде. Сонымен қатар демалушылар «Алақай» қуыршақ театрына, «Ақбарыс» бессейніне, Kinopark кинотеатрына, Гринленд демалыс базасына, Киндерленд ойын сауық орталығына, Sky Park ойын алаңына және жас натуралистер станциясына саяхатқа бару жоспарланып отыр. Балалар 4 мезгіл тамақтанумен қамтылды. Лагерь басшылары Мұсағалиева Жазира мен Маматова Айғаным әр күнгі іс-шараларды тыңғылықты бақылап, жүйелі жүргізілуін қадағалап отырды.

"№54 негізгі мектебі" КММ