1 маусым 2023-2024ж

1 маусым-Балаларды қорғау күні!

Өткізілген күні: 01.06.2024ж
Мақсаты: Балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір — бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу. «Бала – адамның бауыр еті» дейді, қазақ. Бүгінгі өмірін ертеңге жалғайтын ұрпағының дені сау, ақыл-есті болып өсуіне жете мән беріп, барынша күш салу – саналы адамның ғұмырлық мақсаты. Қазақ – бала тәрбиесіне ежелден ерекше мән берген халық. Бұл – құр жаттанды айтыла салған сөз емес. Ұланғайыр өлкені сырт дұшпаннан қорғау, ішкі бірлік-берекені нық ұстау, отбасын асырау үшін шаруаға бейім, өмір сүру икемділігі мен дағдыларын тиісті деңгейде игерген болу қатарлы жеке тұлға мен қауымға ортақ мәселелердің шешімі кешегі қазақ қоғамында қалай табылды деген сұраққа телегей-теңіз ауыз әдебиеті толығымен жауап береді. Қазақтың бай фольклорында мұның бәрі егжей-тегжейлі көрініс тапқан. Қазіргідей білім беру жүйесі, стандарттар жоқ заманның өзінде қазақ халқы өзінің жас ұрпағына саналы тәрбие бере білген. Ұрпағына заманға сай озық та сапалы білім беру – кез келген ата-ананың қолынан келерліктей мүмкін жағдай болмаса да, ауқатты қазақ отбасылары балаларына өз заманындағы ресейлік, еуропалық беделді білім ордаларында оқытып білім алдырғанына мысал көп. Қазақ баласының білім мен ғылымға бейімділігі, алғырлығы – соңғы үш ғасыр жүзінде сан жүздеген мысалдар арқылы әбден дәлелденген ақиқат.

"№54 негізгі мектебі" КММ