Ақыл, білім кітапта, жетелейтін мұратқа. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Ақтөбе ҚББ арқылы алынған жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында «Оқуға құштар ұрпақ» атты шағын көрмеміз ұйымдастырылды. «Ұлы тұлғалар», «Поэмалар,дастандар мен өлеңдер», «Балалар әлемі » атты тақырыптардан құралған көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, танымдық әдебиеттер қойылды.
Құрметті оқырмандар сіздер үшін кітапхана есігі әрдайым ашық.
