👶✨ Мектепке дейінгі ұйымның әдістемелік бірлестігінің І тоқсандық отырысы өтті!
Отырыс барысында тәрбиешілер І тоқсанда атқарылған оқу-тәрбие жұмыстарын саралап, балалардың танымдық, тілдік, әлеуметтік дағдыларын қалыптастырудағы тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті. Алдағы тоқсанда жүзеге асырылатын шығармашылық жобалар мен әдістемелік бағыттар нақтыланды.
🌱 Мақсат – бала дамуының негізін қалаушы сапалы тәрбие мен білім!
Бала жүрегіне жол тапқан әр тәрбиеші – болашақтың сәулетшісі.

