Ақтөбе қаласының ТЖБ ескертеді!
Су айдындардағы мұз адамның салмағын көтере алатындай, әлі қатқан жоқ. Бір жаяу жүргіншінің өтуі үшін қауіпсіз мұздың-қалыңдығы кемінде 10 см болуы тиіс.
Балаларға ерекше назар аударған жөн! Оларға қысқы су айдындарының қауіптілігін түсіндіріңіздер.
Мұздағы жүріс-тұрыс ережелерін еске саламыз:
- мұзға шықпас бұрын оның беріктігіне көз жеткізіңіз. Ешқашан мұздың беріктігін аяқтың соққыларымен тексермеңіз;
- мұз әлсіздігінің белгілері: мұздың бетінде жарықтар пайда болғанда, судың мұз бетіне шығуы орын алған жағдайда үрейленбеңіз, шапшаң қимыл-қозғалыс жасамаңыз, аяғыңызды кең жайып дереу жағаға оралыңыз немесе жорғалаңыз;
- көрінуі нашарлаған жағдайда: тұман, қар, сондай-ақ түнде мұз үстіне шықпаңыз;
- жабдықталған өткелдерден басқа жерде көлік құралдарымен мұз үстіне шығуға тыйым салынады.
Оқиға болған жағдайда дереу «112» телефоны бойынша көмекке жүгіну қажет.
