Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі — сапалы білім берудің негізі

2025-2026 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша атқарлыған әдістемелік жұмыстарды қорытындылай мақсатында кіріктірілген «Мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі — сапалы білім берудің негізі» тақырыбында әдістемелік отырыс өткізілді. Отырыстың күн тәртібінде мына мәселелер қаралды: Эстетика әдістеме бірлестігінің жетекшісі Ұ.Д.Байдышева “Мен және менің ұжымым”. МДҰ әдістеме бірлестігінің жетекшісі Г.М.Кулшанбаева, ИФМ және жаратылыстану әдістеме бірлестігінің жетекшісі М.А.Кушетова “Дәстүр мен жаңашылдық тоғысындағы оқыту әдістері”.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігінің жетекші С.К.Камалова “Цифрлық дәуірдегі тарих, тіл және әдебиет”.
Бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жетекшісі С.М.Самарбаева “Білім сапасы: талдау, мониторинг, шешім”.
ДӘЖ орынбасары Р.Б.Бижанова “Кәсіби шеберлік пен шығармашылық – жетістік үндестігі”. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігінің жетекшісі С.К.Камалова “Әріптестік үндестік – табысты қадам”. «Мен және менің ұжымым» тақырыбында эстетика әдістеме бірлестігінің жетекшісі Ұ.Д.Байдышева отырыс қатысушыларына психологиялық тренинг өткізсе, МДҰ, ИФМ және жаратылыстану әдістеме бірлестіктерінің жетекшілері Г.М.Кулшанбаева мен М.А.Кушетова «Дәстүр мен жаңашылдық тоғысындағы оқыту әдістері» тақырыбында баяндама жасап, пәндік оқытудағы ұлттық құндылықтар мен инновациялық тәсілдерді қолдана отырып, сабақ үдерісіндегі тиімді амалдарды ортаға салды және заманауи білім беру үрдісіндегі цифрлық құралдардың мүмкіндіктеріне тоқталды. Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігінің жетекшісі С.К.Камалова «Цифрлық дәуірдегі тарих, тіл және әдебиет» тақырыбында өтілген ӘБ апталығы мен қалалық семинар жұмысына талдау жасады.
Бастауыш сыныптар әдістеме бірлестігінің жетекшісі С.М.Самарбаева «Білім сапасы: талдау, мониторинг, шешім» тақырыбындағы есебінде І жж. бойынша оқу жетістіктерінің көрсеткіштері мен алдағы даму бағыттарын саралады. ДӘЖ орынбасары Р.Б.Бижанова «Кәсіби шеберлік пен шығармашылық – жетістік үндестігі» тақырыбында педагогтердің кәсіби дамуы бағытындағы және оқушылардың білім байқауларындағы жетістіктеріне талдау жасады. С.К.Камалова «Әріптестік үндестік – табысты қадам» тақырыбында әріптестік байланыс пен әдістемелік қолдаудың рөліне тоқталып, отырыстың кері байланысын жасады.

"№54 негізгі мектебі" КММ