АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТЖБ: Қыс мезгілінде төмен температураға байланысты газ баллондарын пайдалану ерекше сақтықты талап етеді.
Апаттық жағдайлардың алдын алу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:
- газ баллондарын жақсы желдетілетін тұрғын емес үй-жайларда сақтау;
- газ баллондарының қатты салқындауына жол бермеу және оларды ашық оттың немесе жылытқыш құралдардың көмегімен қыздыруға тыйым салынады;
- пайдаланар алдында баллонның, вентильдің және шлангтардың жарамдылығын тексеру;
- газ баллондарын тік күйде, жылу көздері мен ашық оттан алыс жерде орнату;
- қосылыстардың тығыздығын сабынды ерітінді арқылы тексеру;
- газ иісі сезілген жағдайда вентильді дереу жауып, үй-жайды желдетіп, мамандандырылған қызметке хабарласу;
- өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.
Осы талаптарды сақтау қыс мезгілінде газ баллондарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді.
