Дене тәрбиесінің бала өміріндегі маңызы

Мұғалімнің кәсіби дамуы

Мектепішілік тәжірибе алмасу алаңы «Ұлағат» шығармашылық топтың кезекті отырысы «Дене тәрбиесінің бала өміріндегі маңызы» тақырыбында дене тәрбиесі пәні мұғалімі Қ.Т.Баймукировтің жауапкершілігімен өтті.

Мақсаты – оқушылардың денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және дене тәрбиесінің бала дамуындағы рөлін талқылау болды.
Оқушылардың физикалық белсенділігін арттыруға бағытталған жаңа идеялар таныстырылып, дене тәрбиесі – баланың тек физикалық дамуына ғана емес, сонымен қатар оның ерік-жігерін, тәртіптілігін және өмірге деген белсенді көзқарасын қалыптастыратын маңызды бағыт екені атап өтілді.

"№54 негізгі мектебі" КММ