«Эстетика – адамның рухани әлемі» атты апталық өз мәресіне жетті!

Мектебімізде өткен эстетика әдістемелік бірлестігінің апталығы өз деңгейінде қорытындыланды.
Апталықтың салтанатты қорытындылануы барысында:
🎶 Оқушылар біртұтас үнмен хор орындап, көрермендерге жақсы көңіл-күй сыйлады. Бастауыш сынып оқушыларының әуезді әні, өнердің үйлесімділігі апталық жұмысының мақсатымен ұштасты.
🏆 Апталық барысында шығармашылық байқаулар мен ашық сабақтарда ерекше көзге түскен, белсенділік танытқан оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.

Эстетикалық тәрбие — жан-жақты тұлға қалыптастырудың негізі. Барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз!

"№54 негізгі мектебі" КММ