Әдістемелік бірлестіктердің кіріктірілген отырысы

ІІІ оқу тоқсанын қорытындылау мақсатында әдістемелік бірлестіктердің «Жеке қабілетті дамыту – танымдық белсенділікті арттыру негізі» тақырыбында кіріктірілген отырысы өткізілді.

Отырыс барысында барлық сыныптар бойынша білім сапасы сараланып, оқушылардың жетістіктері мен педагогтердің кәсіби даму бағытындағы жұмыстары жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, өзекті мәселелер көтеріліп, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Іс-шараның қорытындысы ретінде «Шаршаудан шабытқа» атты арт-терапиялық жұмыс ұйымдастырылып, педагогтер үшін жағымды көңіл күй мен жаңа серпін сыйлады.

✨ Бірлескен жұмыс – сапалы білімнің кілті.

"№54 негізгі мектебі" КММ