Жаңа оқу жылына сәтті қадам!

Мұғалімнің кәсіби дамуы

Бүгін мектебімізде гуманитарлық бағыт мұғалімдерінің (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі және тарих пәндері) қатысуымен Қоғамдық-гуманитарлық бірлестіктің алғашқы отырысы өтті.
Күн тәртібінде:
🔹 2026-2027 оқу жылының негізгі міндеттері белгіленді;
🔹 Тамыз конференциясында айтылған жаңа өзгерістер мен жаңашылдықтар талқыланды;
🔹 Алдағы пән апталықтары, «Зерде» зерттеу жобалары конкурсы мен пәндік олимпиадаларға дайындық жоспары пысықталды.
​Берік бірлік пен шығармашылық ізденіс бар жерде үлкен нәтиже болатыны сөзсіз. Әріптестерімізге жаңа оқу жылында шығармашылық табыс, толағай табыстар мен оқушыларымызға биік белестерді бағындыруды тілейміз! 🚀

"№54 негізгі мектебі" КММ