Мектепке дейінгі ұйым әдістемелік бірлестігінің №2 отырысы өтті

Мұғалімнің кәсіби дамуы

Бүгін мектепке дейінгі ұйым әдістемелік бірлестігінің кезекті №2 отырысы өткізілді.

Отырыс барысында балалардың тілдік-коммуникативтік даму ерекшеліктері, ойын технологияларын тиімді қолдану жолдары, ашық ұйымдастырылған іс-әрекеттердің нәтижелері талқыланды. Сонымен қатар педагогтердің өзара тәжірибе алмасуына, озық әдіс-тәсілдерді ортаға салуына ерекше назар аударылды.

✨ Кәсіби тәжірибе алмасу – педагогтің шығармашылық ізденісіне жол ашып, білім беру сапасын арттырудың маңызды қадамы.

🤝 Бірлесе жұмыс істеу – ортақ мақсатқа жетудің кепілі! Әрбір ізденіс пен жаңашылдық бүлдіршіндердің сапалы білім алып, жан-жақты дамуына бағытталады.

"№54 негізгі мектебі" КММ