ҚМЖ құрудың тиімді қадамдары: оқу мақсатынан сабақ нәтижесіне дейін

Тәжірибе тарату

Мектебіміздің Әдістемелік кеңесінің ұйымдастыруымен педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған «ҚМЖ құрудың тиімді қадамдары: оқу мақсатынан сабақ нәтижесіне дейін» тақырыбында мектепішілік оқыту семинары өткізілді.

🎯 Семинардың негізгі мақсаты – педагогтерге қысқа мерзімді жоспарды оқу бағдарламасына сәйкес тиімді құрастыру жолдарын меңгерту, сабақ мақсатын дұрыс анықтау және оқыту үдерісін нақты нәтижеге бағыттап жоспарлау дағдыларын жетілдіру.

Практикалық тапсырмалар арқылы педагогтер өз пәндері бойынша ҚМЖ фрагменттерін құрастырып, өзара тәжірибе алмасты. Семинар кәсіби ізденісті дамытуға, әдістемелік тәжірибені жетілдіруге және сабақ сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

"№54 негізгі мектебі" КММ