Ұстаз келбеті

🏆 ЖЕҢІС – КӘСІБИ ШЕБЕРЛІК ПЕН ІЗДЕНІСТІҢ НӘТИЖЕСІ!

Педагогикалық олимпиадада жүлделі орындарға ие болған әріптестерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл жетістік – педагогтердің кәсіби біліктілігі, шығармашылық ізденісі, жаңашылдыққа ұмтылысы.

Білім мен тәжірибені ұштастырған еңбектеріңіз жемісті болып, биік белестерді бағындыра беріңіздер!

Сіздердің жетістіктеріңіз – мектебіміздің мақтанышы! 🌟

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық педагогикалық олимпиаданың қалалық кезеңінде кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісін жоғары деңгейде танытып, жүлделі орынға ие болған бастауыш сынып мұғалімі Раманкулова Жанар Камбаровнаны шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл – білім мен тәрбиені қатар ұштастырып, шәкірт жүрегіне жол таба білген ұстаздың тынымсыз еңбегінің, ізденісі мен жауапкершілігінің жарқын жемісі.

Сізге шығармашылық шабыт, кәсіби биіктер, толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз! Шәкірттеріңіздің жетістігі артып, ұстаздық жолыңыз әрдайым абырой мен мерейге толы болсын!

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫ ұйымдастырған облыстық пәндік олимпиадада жүлделі орын иеленіп, кәсіби шеберлігі мен білім деңгейін жоғары дәрежеде дәлелдеген педагогтерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл жетістік – ұстаздық еңбектің, ізденіс пен табандылықтың нәтижесі.
Сіздердің біліктіліктеріңіз бен шығармашылық ізденістеріңіз жас ұрпаққа үлгі болары сөзсіз.
Ұстаздың еңбегі – мәңгілік із қалдыратын ұлы еңбек. Жетістіктеріңіз көбейіп, шығармашылық шабыттарыңыз арта берсін!
Алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Құттықтаймыз! 🎉
«Білім беруде жасанды интеллектіні меңгерген ұстаз: жаңа құзіреттер мен кәсіби биіктер» атты облыстық «Үздік эссе» байқауында өзінің терең ойы мен кәсіби ұстанымын сәтті жеткізіп, жүлделі орынға ие болған тәрбиешілерімізді шын жүректен құттықтаймыз!

✍️ Шығармашылық пен заманауи білімнің ұштасқан көрінісін көрсетіп, жасанды интеллект тақырыбын кәсіби тұрғыда меңгере білген ұстаздарымыз – білім берудің жарқын көшбасшылары!

🏅 Жеңімпаздарымыз:
🔹 Г.М.Кулшанбаева ІІІ орын
🔹 А.Л.Туремуратова

🌟 Тіл ұшындағы терең ой мен жүрек төріндегі ұстаздық рух біріккен сәт – нағыз кәсіби шеберліктің көрінісі.
Шығармашылық шабыт пен кәсіби биіктер тілейміз!

🎉 ЖЕҢІС – ЕҢБЕКТІҢ ЖЕМІСІ! 🎉
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ұйымдастырған облыстық педагогикалық пәндік олимпиадасында мектебіміздің ұстаздары жоғары білім мен кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетіп, жүлделі орындардан көрінді.

📝 Бұл олимпиада – педагогтердің пәндік білімін, әдістемелік дағдысын және заманауи білім беру технологияларын меңгеру деңгейін бағалайтын маңызды байқау.

👏 Бұл – әріптестеріміздің тынымсыз еңбегінің, ізденісінің және жаңашыл көзқарасының нақты нәтижесі.
Осындай білімді де кәсіби ұстаздарымыз мектебіміздің абыройын асқақтатып, жас ұрпаққа сапалы білім беруде зор үлес қосып келеді.

🌟 Ұжымымыздың атынан жеңімпаз ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жеңістеріңіз жалғасып, биік белестерге жете беріңіздер!

🎓 ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🎉
Мектебіміздің тәжірибелі ұстаздары «Білікті ұстаз» республикалық пәндік олимпиадасында өз білімін жоғары деңгейде дәлелдеп, жүлделі орындарға ие болды!

Бұл – үздіксіз ізденістің, кәсіби шеберліктің, білім мен біліктің нәтижесі!
Ұстаздарымыздың бұл жетістігі — мектеп мақтанышы әрі жас мұғалімдерге үлгі.

📌 Жеңімпаздарымызға шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілейміз

Бастауыш сыныптың «Алтын тұғыр» олимпиадасына қатысушы жеңімпаз ұстаздары Ж.К.Раманкулова мен А.Б.Кукимбаева.

Баймукиров Кадиржан Турганбаевич — дене шынықтыру пәні мұғалімі

ҰСТАЗ АТЫ – БИІК, ӘРІ МӘҢГІЛІК

Ұстаз – ұлағатты есім! Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздардың еңбегі зор. Ұстазды ұмытпау да, ұлықтау да парыз.

Ұстаздар мерекесіне орай білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мектеп ұстаздары төсбелгі және алғыс хаттармен марапатталды.

Педагог-зерттеуші санатындағы бастауыш сынып мұғалімі
РАМАНКУЛОВА ТОЛКЫН ЕРИШЕВНА
Ақтөбе қаласы әкімінің
«Ақтөбе қаласының дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен наградталды.

2024-2025 оқу жылының ҰСТАЗДАР мерекесінде
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директорының алғыс хатымен марапатталған ұстаздар

Ұстаздық кәсіби білім дағдыларын терең меңгерген, шеберліктің қыры – сырын ұтымды қолдана білген математика пәні мұғалімі Эльвира Жарылгасовнаны Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы алғыс хатына иелік етуімен құттықтаймыз!

Ақтөбе қаласының білім бөлімі басшысының білім беру саласында тынымсыз еңбек етіп, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуда қосқан үлесі, сапалы білім беру ісіндегі жаңашылдығы мен шыңдалған тәжірибелі еңбегі үшін Ұстаздар күнімен құттықтау алғыс хатына ие болған көркем еңбек пәні мұғалімі Аслан Орналыұлын марапатымен құттықтаймыз!

Ақтөбе қаласының білім бөлімі басшысының білім беру саласында тынымсыз еңбек етіп, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуда қосқан үлесі, сапалы білім беру ісіндегі жаңашылдығы мен шыңдалған тәжірибелі еңбегі үшін Ұстаздар күнімен құттықтау алғыс хатына ие болған мектеп психологі Индира Болатқызын марапатымен құттықтаймыз!

Ақтөбе қаласының білім бөлімі басшысының білім беру саласында тынымсыз еңбек етіп, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуда қосқан үлесі, сапалы білім беру ісіндегі жаңашылдығы мен шыңдалған тәжірибелі еңбегі үшін Ұстаздар күнімен құттықтау алғыс хатына ие болған география пәні мұғалімі Мулдир Асановнаны марапатымен құттықтаймыз!

Ақтөбе қаласының білім бөлімі басшысының білім беру саласында тынымсыз еңбек етіп, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін дамытуда қосқан үлесі, сапалы білім беру ісіндегі жаңашылдығы мен шыңдалған тәжірибелі еңбегі үшін Ұстаздар күнімен құттықтау алғыс хатына ие болған дене тәрбиесі пәні мұғалімі Арман Утесиновичті марапатымен құттықтаймыз!

2023 жылы 6-қазанда Ақтөбе қаласының білім бөлімі Әдістемелік кабинетпен бірлесе Ұстаздар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізді.
Білім беру саясатының басым бағыттарын іске асыру және білім беру мазмұны мен технологияларын жетілдіру арқылы педагогикалық мамандыққа ризашылық пен құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылған мерекелік іс-шараға ерекше көзге түскен және еңбегі сіңген педагог болып шақырылған «№54 негізгі мектебі» КММ-нің оқу-жұмысы жөніндегі орынбасары Г.С.Кадиева Ақтөбе қаласы білім бөлімі басшысының ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН марапатталды.

Ақтөбе қаласы «Алматы» ауданының әкімі М.Ысқақов
мектебіміздің тәжірибелі ұстазы З.У.Абишеваны
2023 жылдың ҰСТАЗДАР мерекесінде
АЛҒЫС ХАТПЕН марапаттады.

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы
Пәндік педагогикалық олимпиада
ЖЕҢІМПАЗДАРЫ

Бастауыш сынып мұғалімі
Раманкулова Толкын Еришовна

Тарих пәні мұғалімі
Бижанова Нұрсауле Базарбаевна

Бастауыш сынып мұғалімі
Кукимбаева Арайлым Болатқызы

Математика пәні мұғалімі
Капанова Эльвира
Жарылгасыновна

Бастауыш сынып мұғалімі
Раманкулова Жанар
Камбаровна

Ағылшын тілі пәні мұғалімі
Камалова Сания Камаловна

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шабарова Асел Бекбулатовна

География пәні мұғалімі
Кушетова Мулдир Асановна

Көркем еңбек пәні мұғалімі
Айтуғанов Аслан Орналыұлы

Музыка пәні мұғалімі
Байдышева Ұлзира Дәстенқызы

Химия пәні мұғалімі
Бегимова Асел Айткуловна

2023 жылы ҰСТАЗДАР МЕРЕКЕСІНДЕ
жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолындағы келелі істерге белсене араласқан, ұстаздықтың кәсіби білім дағдыларын терең меңгерген, шеберліктің қыры-сырын ұтымды қолдана білген «№54 негізгі мектебі» ұстаздары Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы директоры Ж.Д.Нургалиеваның АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды.

Облыстық деңгейде өткізілген
«БІЛІКТІ ҰСТАЗ -2023» олимпиадасының дәрежелі дипломымен марапатталған педагогтер

"№54 негізгі мектебі" КММ