Бастауыш сынып мұғалімдерінің «Қалыптастырушы бағалауды қалай тиімді ұйымдастыруға болады?» тақырыбымен өткізілген мектепішілік әдістемелік тәжірибе алмасу кезеңі. Өткізілген коучинг барысында бастауыш сынып педагогтері қалыптастырушы бағалаудың ерекшеліктері — оқушының күнделікті білім сапасы, білім алудағы олқылықтарды күнделікті түзеу, оқушының қиындық тудыратын сұрақтарын анықтау және оны жою, оқушының бағалаудан алған жағымсыз әсерінің азаюы, психологиялық жайлы ортаның болуы, бағалаудың әділдігі, анықтылығы және ашықтығы, өзін-өзі бағалау дағдыларын сабақ үрдісінде қолданылатын технологияларды үйрету арқылы жеткізді.