Ата-анаға кеңес: «Бала қалай қырсық болады?»

Психологиялық қызмет

ҚЫРСЫҚ БАЛА деген ұғым қазіргі біздің қоғамдағы ең маңызды және жиі талқыланатын тақырып шығар деп ойлаймын. Өйткені бізде мынадай түсініктерде бізде қалыптасқан «Қырсықтық туа бітеді» деп жатады. Қырсықтықты біз не істейміз?Біреуге жамап қойғанды жақсы көреміз. «Әкесіне тартқан қырсық,анасына тартқан қырсық,нағашыларына тартқан қырсық» деген секілді қырсықтықты біреуге жамап қойғанды ұнатамыз.

Бірақ шындығына келетін болсақ, ҚЫРСЫҚТЫҚ туа бітетін қасиет емес, яғни әкесі қырсық болды екен деп баласы қырсық болады,анасы қырсық болды екен деп баласы қырсық болды деген ұғым негізінен дұрыс емес. Яғни ҚЫРСЫҚТЫҚ ол ген арқылы өтетін нәрсе қасиет деп айта алмаймыз. Жалпы алғанда кезде бала тәрбиесінде педагогикада ҚЫРСЫҚТЫҚ деген ұғым жоқ. ҚЫРСЫҚ БАЛА деген ұғым жоқ. Осының себебін түсінгілеріңіз келсе, Жалпы алған кезде біздің қырсықтық деп айтып жүрген ұғымдарымыздың көбісі біздің баланы дұрыс түсінбеуден туындайтын нәрселер деп айтсақ болады.

Нақты мысалмен келтіретін болсам: «Балалар 2 жасына жақындаған кезде, оларда өте бір маңызды сезім пайда болады. Қандай сезім МЕН деген сезім.» яғни бала 2 жасына жақындаған кезде «Мен Өзім істеймін» деген нәрсе пайда болады. Мысалы: бұрын анасы тамақ жегізген кезде, тыныш қана тамағын жеп отыратын бала 2 жасқа жақындап,2 жасқа толған кезде, Не дейді; «ЖОҚ енді өзім жеймін» дейді. Қасыққа жармасып,өзі жегісі келеді деген секілді. Осылай өзінің айтқанынан қайтпай, «ӨЗІМ жеймін,ӨЗІМ істеймін ,ӨЗІМ киінемін,жарықты МЕН өсіремін» деген секілді барлық нәрсеге ұмтылған кезде, біздің ата-аналар НЕ дейді – Өзі айтқаннан қайтпайтын,өз дегенін істетпей қоймайтын , «НЕ деген ҚЫРСЫҚТЫҚ бала» деп шекесінен тарс еткізіп этикетканы жапсырып қоя салады. Негізі бұл жағдайда баланың ешқандай кінәсі жоқ деп айта алмыз. Керісінше бұл жағдайда ата-ананың білімінің сәл жетспеушілігі. Бұл жас кезеңінде балалардың жас ерекшілігіне сай бұл әрекеттердің қалыпты екенін білмеуінде. Бұл жастағы бала өзі істегісі келеді,бұл өзі істеу деген нәрсе бала үшін,баланың дамуы үшін өте үлкен мотивация болып табылады. Дәл осы жағдай бала кейінген кезде де болады. Бұрын сіз тып-тыныш киіндіріп жүрген бала –Өзім киінемін дейді. Тағы да біз НЕ істейміз ҚЫРСЫҚ деп этикеткасын жапсырып қоямыз. Бұл жерде де бала өзі киіну керек. Киініп үйрену керек. Егер балада бұл сезім болмаса,бала өзі жаңа нәрселерді үйрену деген мотивациясы болмайды. Яғни тамақты әлі сол анасының қолынан ішіп жүре береді. Әлі сол анасының киіндіргені бойынша жүре береді деген секілді. -Сіз айтасыз –дұрыс кимейді, кешігіп киеді, бір киімді 10 минут киеді, жұмысқа кешігеміз,сабаққа кешігеміз деп айтуыңыз мүмкін. Ол сіздің мәселеңіз. Яғни сіз киімді 15 минут-20 минут ерте бастаңыз,бірақ баланың өзі киіне алуына мүмкіндік жасаңыз.

Бұның барлығы баланының даму процесі. Бірақ осы 2 жаста «МЕН»деген сезімінің оянуы балада өзі тамақ ішуге деген ұмтылыс пайда болады. Өзі киінуге деген ұмтылыс пайда болады, бұл жерде ата-ананың істеу керек нәрсе «Баланың даму процесіне кедергі келтірмеу керек» керісінше баланың дамуына жағдай жасау керек. Балаға кішкентай кезінен бұл мүмкіндіктерді бермейміз. Өзіміз тықпалап тамақ береміз, өзіміз қинап киіндіреміз деген секілді. Одан кейін 3-4 жсқа келіп,әлі аяқ киімін кие алмай тұрса, әлі тамақты дұрыс жеи алмай тұрса,балаға ренжиміз тағыда . «4-ке келді әлі тамақты іше алмйды, 5-ке келді аяқ киімін әле кие алмайды» деген секілді. Бала өзі тамақ ішемін деген кезде, оның өзінің тамақ ішуіне мүмкіндік беру керек. Сіз айтасыз: -Төгеді ғой,шашады ғой бүлдіреді ғой деген секілді. Құрметті ата-аналар ол сіздің мәселеңіз болып табылады. Бұған негізінен өзіміз кінәліміз. Ол 2 жасында бұл нәрселерді үйренгісі келді,сол үйренгісі келген нәрсені бүлдіреді,шашады деген секілді, киіндіру барысында кешігемін деген секілді өзімізді ойлау арқылы оның даму процесіне кедергі келтірдік Ол жерде баланың мәселесі емес, ол жерде алдын ала ұйымдастыру керексіз. Яғни алдына жапқыш, жан-жаққа бір нәрселерді төсеу секілді жағдай жасауды сіз қарастыруыңыз керек. бала жасына сай ол кезде тамақ ішуді үйрену керек. өзі ішу керек.Ол кезде бала өзі қасық ұстап,қасықты көтеруді,аузын тауып,аузына тамақты салуды үйренеді. Бұның барлығы баланың даму кезеңі болып табылады. Негізенен ең бастысы бала өзі бір нәрсе істей алудың ләззатын сезінеді.

Жалпы алғанда өзіміз бір нәрсеге өз күшімізбен қол жеткізген кезде, керемет бір ләззат сезінеміз. Міне дәл сол секілді бала да осы керемет ләззатты сезінетін болады. Сондықтан құрметті ата-аналар! Бұл жағдай бала қырсықты,өз айтқанынан қайтпайды -деген секілді баланы кінәлағаннан гөрі керісінше біз баланың барлық жағдайында дамуына мүмкіндік беруіміз керекпіз. Сондықтан біздің ҚЫРСЫҚТЫҚ деп қарастырып жүрген мәселелер бір бөлігі негізінен ол ҚЫРСЫҚТЫҚ емес, ол жайғана баланың даму процесі,бала ол кезеңде даму керек. Сол дамуына кедергі келтіретін болсаңыз, онда сол қырсықтық деп атап жүрген әрекеттерді байқайсыз. Мысалы: жалпы баланың даму процестері бала бірнәрсе дамып үйрену керек,сіз барасызда оның алдына кедергі қойып тастайсыз- «Жоқ, мен жегіземін,мен киіндіремін» деген секілді. Енді бала бірақ даму керек,ол соны қалап тұр, ол өзі тамақ ішу керек,өзі киіну керек,өзі бір нәрсе істеп көру керек секілді даму керек.Сіз оған кедергі келтірген кезде бала өзінің қарсылығын көрсетеді. Яғни жылайды,жер тепкілеп айқайлайды. Ыдысты шашып,сындыруы мүмкін. Өзінің қарсылығын көрсетеді. Осы қарсылықты көрсеткен кезде, біз оны БАЛА ҚЫРСЫҚ дейміз. Бұл жердегі қате ата-ананың қойып отырған кедергісі болып табылады.

Құрметті ата-аналар біз балаларымыз қырсық болмасын десек, балалардың даму процесіне кедергі келтірмеуіміз керекпіз. Олардың өз бетімен емін еркін дами алуына мүмкіндік жасауымыз керек. Міне сол кезде жаңағы ҚЫРСЫҚТЫҚ деген нәрсенің азаюына өзінің септігін тигізеді. Әрине ҚЫРСЫҚТЫҚТЫҢ екі жағы бар. Біздің ҚЫРСЫҚТЫҚ деп атап жүрген біріншісі баланың даму процесіне кедергі келтірмеу болып табылады.

"№54 негізгі мектебі" КММ