“Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2029 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы аясында 1-4 сынып оқушыларын 100 пайыз ыстық тамақпен қамту жоспарланған. Мемлекет басшысының бұл бастамасы өз кезегінде балалардың денсаулығына, жақсы дамуына, оқу үлгерімін және әл-ауқатын жақсартуына оң әсер ететіні сөзсіз.
№54 негізгі мектебінде 2023-2024 оқу жылы бойынша 1-4 класс оқушыларының жаппай ыстық тамақпен қамтылуы 2023 жылдың 2 қыркүйегінен бастау алды. Президент тапсырмасы бойынша республикамыздың барлық өңірлерінде бастауыш класс оқушылары ыстық тамақпен қамтылады. №54 негізгі мектебінде 1-4 класс бойынша барлығы 63 оқушы білім алады. Оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуы облыстық білім басқармасының басшысы бекіткен 5 күндік ас мәзірі негізінде дайындалады. Оқушылардың сабақ кестесіне және сабаққа келу уақытына байланысты барлық кластардың асханаға бару кестесі құрылды. Сонымен қатар 5-9 класс оқушылары арасында әлеуметтік аз қамтылған отбасынан шыққан 22 оқушы мектеп қаражаты есебінен тегін ыстық тамақпен қамтылды.