Қамқоршылық кеңес

Хабарландыру

«Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығының 2 тарауының 5 тармағы (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 1 наурыздағы №56 бұйрығы өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы) 2023-2024 оқу жылында «№54 негізгі мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Қамқоршылық кеңес» құрылуына байланысты 7 кеңес мүшелігіне ұсыныстардың қабылданатынын хабарлайды.

Өтініштер 54nm.12@mail.ru электронды поштасына қабылданады.

Байланыс телефоны: 8 (7132) 73 04 59

Үміткерлер комиссия мүшелеріне Қамқоршылық кеңесі сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. Өтініш (еркін түрде);
  2. Үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  3. Қазақ тіліндегі түйіндемесі;
  4. Білімі туралы құжаттың көшірмесі;
  5. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының жоқтығын растайтын құжаттар.

Ескерту: өтініш үлгісі қосымша жалғанады. Өтініш.pdf

"№54 негізгі мектебі" КММ