«Рақмет саған, мектебім!»
(мерекелік концерттік бағдарлама)
Уақыты: 28.02.2025ж
Қатысқандар: 5-9 сынып оқушылары
Өткізгендер: Педагог-психолог Қоқымбаева И.Б. Тәлімгер Мұсағалиева Ж.Б.сынып жетекшілер
Іс-шараның мақсаты:
Азаматтық қағидаттарға негізделген Қазақстандық бірегейлікті дамыту арқылы Қазақстан халқының бірлігін нығайту. Жас жеткіншектердің ризашылық пен алғыс туралы түсініктерін қалыптастыру. Оқушылардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін қалыптастыру. Жас жеткіншектерді үлкен-кішіге деген сүйіспеншілікке, сыпайылық қарым-қатынасқа, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.
ӘН: 5-сынып «Алғыс» әні
І-жүргізуші:
Көкпеңбек дала, туымдай асқақ көгілдір,
Көк кілем төсеп, көк көйлек киген өңір дүр.
Бәйшешек гүлге қылтиған жанын елітіп,
Жадырап қалған көңілді күндей өңір бұл.
ІІ-жүргізуші:
Келді көктем, жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл болып жайнайды әлем паң күліп.
Жақсылықтардың жаршысы болған алғыс күн,
Сен өмірімнің көктеміндейсің мәңгілік.
І-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, білім көкжиегіне қанат қаққан жас жеткіншектер!
ІІ-жүргізуші:
Көгілдір көктемнің ең алғашқы күнімен тұспа-тұс келген Алғыс айту күніне арнап ұйымдастырылған «Рақмет саған, мектебім!» тақырыбындағы мерекелік іс-шарамызға қош келіпсіздер!
І-жүргізуші:
2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, №173 жарлыққа қол қойған.
ІІ-жүргізуші:
Алғыс айту күні-күрделі заманда иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні.
Ән:
І-жүргізуші:
Осы күн тағдыр тоғыстырған Қазақстанның көпэтностық халқының ортақ тарихын құрметтеу күні болады. Алғыс айту күні-қайырымдылық дәстүрлерін әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Бұл репрессия мен жер аудару жылдарында біздің халық көрсеткен мейірімділік пен ақ көңілділік, қолда бармен бөлісу, көмек көрсету сынды рухани дәстүрлер күні.
ІІ-жүргізуші:
Алғыс айту күні Қазақстандық патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің, мәдени сан алуандығымыздың жарқын күні. 100-ден аса этностың әрқайсысы өзінің қайталанбас өрнегін салуының нәтижесінде біздің біртұтас халқымыз бірегей артықшылықтар иесіне айналғандығын атап өтуіміз керек.
І-жүргізуші:
Ғасырларға жалғассыншы нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қоссам елімнің,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
ІІ-жүргізуші:
Достық тапса діндер менен ділімді,
Салт-дәстүрлер сыйға ұласты бүгінгі.
Бір туғандай ұлтаралық келісім,
Бір көтерген басқа түскен жүгімді.
І-жүргізуші:
———-, менің саған бір сұрақ қойғым келіп тұр. Алғысқа, рахметке кімдер және нелер лайықты деп ойлайсың?
Тізімді бірге құрайық!
Бастысы – алғыс айта білу…
ІІ-жүргізуші:
- Анаға – өмір сыйлағаны үшін,
- Әкеге – қорған болғаны үшін,
- Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,
- Сөзге – жанды жылытатыны үшін,
- Күнге – шуағы мен назары үшін,
- Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,
- Досқа – құшағы мен иығы үшін,
- Әжеге – ыстық алақаны үшін,
9.Ұстазға білім бергені үшін - Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,
- Жерге – махаббаты мен бар болғаны үшін,
- Отқа – жылулығы үшін..
Бірге: Рахмет айтамыз!
Ендеше қазір алғыс айту күніне арналған ойындарға кезек берсек.
«Жақыныңа алғыс айту» ойыны
Ойын шарты:
Ортаға ортадан бір оқушы шығады. Кез-келген жақын туысына көрерменнің көзінше ұялы телефонымен хабарласып алғыс айтады.
Сөйтіп барлық қатысушы өз ойын айтып шығуы керек
І-жүргізуші:
Дүниеде тәуелсіз қазақ елі бар, әлемде егеменді Қазақстан бар, оның көпұлтты, тату, ынтымақшыл халқы бар, қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар, ең бастысы-бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар! Біздің, яғни шәкірттердің білім көкжиегіндегі сенімімізді нығайтып, жарқын болашаққа жол сілтеп жүрген мектебіміздің көшбасшысы—————— сөз кезегін беріп, мерекелік ізгі тілегін тыңдау үшін қошеметпен сахна төріне шақырамыз!
ІІ-жүргізуші:
Аллаға әуелі рахмет!
Тірлікті мынау жаратқан.
Анаға шексіз рахмет!
Ақ сүт берген, толғатқан.
Әкеге айтам мың алғыс!
Ұрпақтар жібін тарқатқан.
Бауырға туған рахмет!
Қолдаған, сүйген, жұбатқан.
Ұстазға ұлы рахмет!
Нәрімен білім сусатқан.
Балалық досқа рахмет!
Қуанған бірге мұңдасқан.
І-жүргізуші:
Халқыма туған рахмет!
Шыңдаған, елге танытқан.
Қазаққа дархан рахмет!
Салт — санасын сіңірген.
Жеріме байтақ рахмет!
Таза ауа үшін сімірген.
Барша әлем, саған рахмет!
Әр күнім үшін кешірген.
2-ойынға кезек берейік.
“Фоторамка” ойыны
Ортаға оқушылар шығады, әрқайсысы фоторамканы ұстап тұрып алғыс айтады. Барлығы кезекпен орындап шығады.
Кері байланыс: Қиындық тудырды ма? Қандай сезімде болдың?
ІІ-жүргізуші:
Құрметті оқушылар, жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «Рахмет» деген сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңізде сақтаңыздар!
І-жүргізуші:
Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат-Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.
ІІ-жүргізуші:
Жер — Анамыз жасайды тарлық кімге?
Кетпеу үшін мәңгілік қалғып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде.
6-сынып оқушыларын «Ата-анаға алғыс» әнімен сахнаға шақырамыз!
І-жүргізуші:
Бейбіт күніміз, бейбітшілігіміз мәңгілік болсын! Осымен бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз! Күніміз нұрлы, аспанымыз әрдайым ашық болсын! Сау-саламатта болыңыздар!
Фотоесеп: