Өткізілген уақыты: 10.06.2024ж
Өткізгендер: Қоқымбаева И.Б. Аяпберген Ж.Қ
Тақырыбы: «Қазына аралы» квест ойыны, «Шармен киін» ойыны
Мақсаты: Салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушылардың денсаулығын нығайту, спортқа деген қызығушылығын арттыру, топтық сайысқа, жылдамдыққа, икемділікке, күштілікке, төзімділікке баулу.
Керекті спорттық құрал — жабдықтар: гимнастикалық орындық, арқан, карта, монеталар. Сайыстың салтанатты түрде ашылуы. Қазылар орнықтырар әділдікті, Кімдердің таныстыруы кәміл шықты. Қазына іздеушілер сайысында, Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.
Топқа бөлінеді.
Топтың атауы беріледі. Бірлік тобы және Самғау тобы
І — кезең. «Тайпа басшыларымен би билеу»
Отқа табыну. О құдіретті күн құдайы!
Әлемді жаратушы тәңірім, Бізге жеңіске жетуге күш бере гөр!
Бойымызда үрей менен қорқыныш, Кедергіден өтеміз бе, деп тұрмыз.
Бірақ біздер саспаймыз, Дәл қазір қазынаны іздеуді бастаймыз.
ІІ — кезең. «Додекаэдр» мақал-мәтел айту
Жүргізуші:Қазына аралына баруға дайынсыңдар ма? -иә Олай болса, жолда сендерге көп кедергілер кездеседі, сол кедергілерден сүрінбей өтіп жеңіске жетуге сәттілік тілеймін.
IІІ – кезең «Эстафеталық ойындар»
1.жүгіру, 2. Таяқшалармен шариктерді салу,3.Скакалкамен жүгіру,4.Кедергілерден өтіп допты әкелу.
Жүргізуші: сендер сағат 11-00-ге дейін «Қазына аралына» жетіп қазынаны табуларыңыз керек. Егер уақыт асып кетсе, аралдағы үңгір жабылады.
ІV — кезең. «Сынық көпірден өту» Жүргізуші: Балалар сіздердің алдарыңызда үлкен өзен жатыр, сол өзеннің ортасындағы заттарды алу арқылы өте аласыздар.Өте алмаған балалар ойыннан шығарылады.
V — кезең. «Орман перілері» Сендер ағашта жасырынған қағазды тапсаңыз ғана, орман перілерінен құтылудың жолын табасыз және сол қағазда көрсетілген бағдар арқылы қазына толы сандықшаны таба аласыздар. Жасырынған сандықты тапқан топ қазынаны алады және марапатталады. Жүргізуші: Жарайсыңдар нағыз қазына іздеушілер екенсіздер, жеңістеріңіз құтты болсын!
«Шармен киін» ойыны
Мақсаты: Балаларды шапшаңдыққа үйретужәне адам ағзасына ауаның керек екенін түсіндіру,жағымды атмосфера орнату.
Шарты: Балалар әуелі шарды үріп алып,тәрбиешінің нұсқауымен ойынды бастайды.Шарды жоғары қарай лақтыра отырып, киіну керек. Ойын сайыс түрінде өтіледі.
Қорытынды: Оқушылар барлығы бүгінгі ойындарға қызығушылықпен қатысты. Ойын барысында барлығы ауызбіршілікпен достық қарым-қатынасты болды.Ойын оңында қазына аралы қобдишасынан оқушыларға тәтті үлестірілді.