«Баланың бас ұстазы-Ата-ана» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Тақырыбы: «Баланың бас ұстазы-Ата-ана»
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» жобасы аясында өткізілген дөңгелек үстел жұмысына анықтама

Уақыты: 06.11.2024ж
Өткізгендер: педагог-психолог Қоқымбаева И.Б. сынып жетекші Камалова С.К.
Қатысқандар: ата-аналар, барлығы 25 ата-ана қатысты
Мақсаты:
1 Ата-аналардың өз баласының ерекше жақтарын дамытуға деген ынтасын арттыру, балалар темпераментінің түрлері мен оларға сәйкес мінез-құлықтары туралы түсініктерін кеңейту.

2 Ата-аналарды позитивті ата-ана болу құзыреттерін игеруге ынталандыру, оның мәні мен қағидаттарымен таныстыру.

Барысы:

  1. «Білемін, білмеймін» тренингі
  2. Кіріспе
    3.Топқа бөліну
  3. Позитивті болуға арналған аффирмациялар
  4. Темперамент типін анықтау әдісі
  5. «Өмір шеңбері» әдістемесі.
  6. «Постер» қорғау.
    • Баланың жарық жұлдыз болуына ата-ананың әсері қандай?
    • Позитивті ата-ана қандай болуы керек?
  7. Кері байланыс, қорытынды

1 «Білемін, білмеймін» тренингі.
Мақсаты: психологиялық ахуал орнату, көңіл-күйді көтеру, бір-бірінің білмейтін қырларын танып білу.

2 Ата-аалар ағаш үйлерді таңдау арқылы екі топқа бөлінді. 1 топ «Әрбір бала-жарық жұлдыз», 2 топ «Баланың бас ұстазы ата-ана» болып 2 топқа бөлінді.

3 Әрі қарай ата-аналармен аффирмациялар айту жаттығуы жүргізілді. Барлығы жәшіктен шариктерді алып, позитивті, эмоционалды түрде айтып шықты.

4 Әрі қарай «Темперамент анықтау» тесті жүргізілді.
Сенің жақсы көретін ансамбілің немесе тобың МұзАрт т.б. концерт қойып келді. Сен зорға дегенде билет алдың. Концерт көруге келдің. Сәл кешігіп қалдың. Концерт басталып кетті.

Есік жабық. Клубтың іші лық толы. Әйнек есіктен іші көрініп тұр. Сығылысқан адам, контролер есіктің ішін іліп алып тұр. Сен не істер едің?.
А) Бар күшіммен есікті ұрып, «Аш» деп айқайлап, есікті теуіп, билетті көрсетіп айқай шу шығарамын. (ХОЛЕРИК)
Б) Қайтсем де, есікті аштырып алу жолдарын іздестіремін. Контролерға жабық тұрған есіктен жылы-жылы сөздер айтып, т.с.с (САНГВИНИК)
В) Іштей өзімнен-өзім қатты ашуланып «Мен сондай жолы болмайтын бір құрыған адаммын, құдай-ай» т.с.с Өзімді-өзім кінәләп кетіп қаламын.(МЕЛАНХОЛИК)
Г) Жарайды, бұл жолы болмаса келесі жолы деп кетіп қаламын. (ФЛЕГМАТИК)

5 Өмір шеңбері әдістемесі жүргізілді.

«Өмір шеңбері» әдістемесі
авторы: Н.А.Цветкова

Мақсаты: Әрбір тұлғаның өз өмірінің жайлы болуына қаншалықты деңгейде уақыт жұмсайтындығын анықтау.
Нұсқау: «Теңгерім шеңберінің» 8 сектор бойынша:1. жұмыс, мансап 2. қаржы 3. денсаулық

4 достарымен, туыстарымен қарым-қатынасы

5 махаббатқа деген көзқарасы 6. хобби және өзіндік даму 7. ойын-сауық, демалыс

8 отбасы жайлылығы; Дөңгелектің әрбір бізі- 0 ден 10-ға дейінгі бөлгіш шкаласымен есептеледі.

6 «Постер» қорғау.

1.Баланың жарық жұлдыз болуына ата-ананың әсері қандай?
2.Позитивті ата-ана қандай болуы керек?

Ата-аналар осы тақырыптарда постер қорғады.

7 Кері байланыста ата-аналарға шар таратылып, шарды үрлеп бетіне смайликтің суретін салды. Осы арқылы бүгінгі сабаққа кері байланыс жасап, қорытындылады. Сабақ барысында ата-аналар жақсы көңіл-күйде болып, жұмыстарға белсене араласты.Бүгінгі сабақтан көп нәрсе алғандықтарын айтып, алғыстарын айтты.

"№54 негізгі мектебі" КММ