2024 жылдың 21 ақпан күні «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес «Бастауыш сынып сабақтарында тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану» тақырыбында «№54 негізгі мектебі» КММ қалалық семинар өткізілді. Семинар мақсаты: Ұйымдастырылған іс-әрекеттер мен сабақтарында жаңаша әдіс-тәсілдермен оқыту, ұлттық құндылыққа насихаттау.
Жоғарыда аталған семинарға «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері Л.У.Атыбарова және қала мектептерінің бастауыш сынып пәні мұғалімдері, МАД сыныбы мен шағын орталық тәрбиешілері қатысты. Семинар мектеп психологінің танысу тренингімен басталып, бастауыш сынып мұғалімдері мен тәрбиешілерінің семинар тақырыбына негізделген ашық сабақтары, коучинг, зерттеу жұмыстары мен ашық қаралымдарын қарап, тәжірибе алмасумен жалғасты. Семинар сахналық қойылыммен жалғаса келе, қатысушылардың кері байланысымен аяқталды.