«Біздің 5-ші сынып» тренинг-сабақ

Психологиялық қызмет

Өткізілетін күн: 29.01.2025 жыл
Тақырыбы: «Біздің 5-ші сынып».
Қатысушылар: 5 сынып;
Барлығы:18; қатысқаны:17; қатыспағаны:1;
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бейімделуіне психологиялық қолдау жасау, бір-бірімен жағымды қарым-қатынас жасауына қолдау көрсету.
Өткізген: педагог-психолог И.Б.Қоқымбаева

Барысы:

1 тапсырма. Психологиялық сәт: «Психогеометрия»

Оқушылар өзіңе ұнаған геометриялық фигуралардың кез – келгенін таңдауы тиіс. Әр фигура қандай да бір адам бойындағы қасиетті, қабілетті білдіреді.
Әрқайсысымыз өзімізді танып көрелік

  • Шеңбер — Өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын да бөлісе алады. Көпшіл, ынталы, достары мен таныстары көп, пейілі кең, түйсігі жақсы дамыған адам.
  • Шаршы — Лидер, ақпаратқа байқампаз, ұқыпты, еңбексүйгіш, жазуға ынталы, достары және таныстары шағын, көп сөйлегенді ұната бермейтін адам.
  • Зигзаг — Шығармашылық қабілеті басым, үнемі ізденіс үстінде жүреді, ойын – сауыққа құмар, шығармашыл, болашаққа талпынысы жоғары, білімге ынталы адам.
  • Тік төртбұрыш — Жаңа идеяларға жақын, білуге құмар, ізденгіш, батыл, көңіл – күйі өзгермелі, өзін көпшілікке көрсете бермейтін адам.
  • Үшбұрыш — Өте еңбекқор, төзімді, өз жұмысының шебері, бастаған істі аяғына жеткізетін, көшбасшы, саясаткер, өз — өзіне сенімді адам.

2 тапсырма. «Мен кіммін, қандаймын?» шығармашылық жұмыс.
Мақсаты: өзінің менін анықтау, ішкі сезімін сыртқа шығару.
10 сөз жазуға болады. 3 минут беріледі. Мен әдемі, сұлуқызбын.

3 тапсырма 5 тапсырма. «Менің жетістікке жету жолдарым..!»

  • Менің жақсы мінездерім, қасиеттерім..
  • Менің қабілетім мен талантым..
  • Менің жетістіктерім.. сөйлемдерін аяқтау

4 тапсырма.«Сиқырлы қобдиша» ойыны.

Мақсаты: бір-бірлерімен жағымды қарым-қатынас қалыптастыру, ортаға бейімделуіне ықпал ету.
Нұсқау: Қобдишаның ішінде әр түрлі мақтау, жақсы қасиеттер жазылған. Әр оқушы алып сол сөзге лайық деп тапқан оқушыға табыстайды. (Ең тәртіпті,ақылды, салмақты, сабырлы, әдемі, телефонда көп отыратын, мейірімді, ақкөңіл, көңілді, білімді, сыпайы, шыншыл, пысық, адал, батыр, еңбекқор, әдепті оқушы..)
Жаттығуға қажет материал: альбом қағазы, түрлі-түсті қаламдар, скотч.

5 Кері байланыс. «Көңілді смайликтер» арқылы көрсетеді.

Қорытынды: Оқушылар бүгінгі ойындар барысында геометриялық пішіндерді таңдап, таңдаған пішінге мінездеме берілді, әрі қарай «Мен кіммін, қандаймын..?», «Менің жетістікке жету жолдарым..» атты шығармашылық жұмыстары жүргізілді, барлығы 10-нан аса сөздерді жазды, өз-өздерін бағалауы жақсы деңгейде, өз еркімен ортаға шығып, жазғандарын оқып қызығушылық танытты. «Сиқырлы қобдиша» ойынында қорапта әр түрлі қасиеттер жазылған, әрқайсысы алып сол қасиетке сай деп таныған оқушыға табыстайды, барлығы жақсы көңіл-күйде орындады. Ойын соңында «Көңілді смайликтер» арқылы кері байлданыс жасады.

Ойын сәтінен фотоесеп

"№54 негізгі мектебі" КММ