Бөлісіп жүрек жылуын

Қайырымдылық- адамның бойындағы ең жағымды қасиеттердің бірі. Ондай адам рухани құндылықтарды материалдық құндылықтардан жоғары қояды. Мұқтаж жандардың қажеттілігіне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Өкінішке орай, жомарт азаматтардың саны азайып келеді, адамдар кез-келген жағдайда, бірінші кезекте өз пайдасын ойлап тұрады. Десек те жомарт жандардың жүрегі әрқашан мейірімге толы. Осындай ұстаныммен жүретін №54 негізгі мектеп басшысы, әкімшілік құрамы мен ұлағатты ұстаздары да игі істерге әрқашан қолдау білдіреді.
2024 жылдың 28 желтоқсаны күні мектебімізге қарасты аудан тұрғыны – еркеше білім беруді қажет ететін баланың еміне ИП.Кабашеваның қолдауымен 40000 теңге көлемінде де қаржылай көмек және жаңа жылдық сыйлық тарту жасалды.

"№54 негізгі мектебі" КММ