Хабарландыру 04.05.2026

Хабарландыру

2025–2026 оқу жылының аяқталуы бойынша соңғы қоңырау және қорытынды аттестаттау кезеңіне байланысты, оның ішінде 4, 9, 11-сынып бітірушілерге қатысты келесі маңызды ескертулерді хабарлайды:

ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:
✅ Мұғалімдерге сыйлық беру, ақша жинау (педагогикалық әдеп пен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында);
✅ Аниматорлар, студиялар және түрлі агенттіктерді шақыру;
✅ Мектептің жөндеу жұмыстарына немесе шаруашылық қажеттіліктерге ақша жинау;
✅ Оқушылардың қауіпсіздігі үшін автокөлік шерулерін ұйымдастыру;
✅ Ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, демханаларға және басқа да орындарға бару;
✅ Мектеп ішінде немесе мектептен тыс ата-аналар тарапынан дастархан ұйымдастыру және қаражат жинау.

МІНДЕТТІ:
✅ Қорытынды аттестаттау кезінде мектеп формасын сақтау;
✅ Тәртіпті және жауапкершілікті болу.

🔻 ЕСКЕРТУ:
Бұл талаптар міндетті түрде сақталуы тиіс. Аталған шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық әдеп пен әділдікті қамтамасыз ету мақсатында енгізілген.
МІНДЕТТІ:
✅ Қорытынды аттестаттау кезінде мектеп формасын сақтау;
✅ Тәртіпті және жауапкершілікті болу.

🔻 ЕСКЕРТУ:
Бұл талаптар 4, 9, 11-сынып оқушылары мен олардың ата-аналарына бірдей қатысты.
Аталған шектеулер сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, педагогикалық әдеп пен әділдікті сақтау мақсатында енгізілген.

📗 ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Жоғарыда көрсетілген талаптарды қатаң сақтауларыңызды және балаларыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймыз.
Біздің басты мақсатымыз – оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру.

Құрметпен: Nᵒ54 Негізгі мектебі директоры Омарғалиев Т.Ш

"№54 негізгі мектебі" КММ