ИФМ және жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің №2 отырысы өтті

Мұғалімнің кәсіби дамуы

Бүгін мектебімізде Информатика, физика, математика (ИФМ) және жаратылыстану пәндері әдістемелік бірлестігінің кезекті №2 отырысы өтті.
Отырыстың басты тақырыптары:
🔹 I тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасын талдау;
🔹 PISA халықаралық зерттеуіне және ББМЖ (Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингілеу) дайындық барысы мен стратегиялары;
🔹 Оқушылар мен мұғалімдердің I тоқсанда жеткен жетістіктері мен марапаттарын сараптау.
Отырыс барысында мұғалімдер I тоқсанның нәтижелерін саралап, оқушылардың білім сапасын арттыру және функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша өзара тәжірибе алмасты. Сондай-ақ, келесі тоқсанға қойылған басым міндеттер айқындалды.
Еңбегінің жемісін көрген ұстаздарымыз пен білімді оқушыларымызды I тоқсандағы жетістіктерімен құттықтаймыз! Алда әлі талай биік белестер күтіп тұр! 🚀✨

"№54 негізгі мектебі" КММ