Интернеттегі алаяқтарды әшкерелеу

Хабарландыру

21 қазан күні ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері Ресей Федерациясының ІІМ Киберполиция басқармасымен бірлесіп трансұлттық интернет-алаяқтар желісін әшкереледі.

Арнайы операция барысында Ресейдің үш өңірінде Қазақстан және ТМД елдерінің азаматтарына қатысты заңсыз әрекеттер жасаған тұлғалар ұсталды. Олар sim-карталарды жеткізу және қосу арнасын ұйымдастырған. Нәтижесінде 11 sim-box құрылғысы, 3 ноутбук, 31 ұялы телефон және 19 мыңнан астам қазақстандық және еуропалық sim-карталар тәркіленді.

Толығырақ:
https://polisia.kz/iim-resejdegi-transulttyq-internet-alayaqtar-zhelisin-ashkereledi/

"№54 негізгі мектебі" КММ