2024 жылдың 01 ақпан күні «Әдістемелік кабинет» КММ жоспарына сәйкес, «Көркем еңбек, музыка пәндеріндегі шығармашылықты дамытудың заманауи жолдары» тақырыбында «№54 негізгі мектебі» КММ қалалық семинар өткізілді. Семинар мақсаты: Музыка және көркем еңбек пәндерін жаңаша әдіс-тәсілдермен оқыта отырып, оқушылардың шығармашылықтарын дамыту, тәжірибе алмасу.
Жоғарыда аталған семинарға «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері А.А.Бегимбетова және қала мектептерінің көркем еңбек, музыка пәні мұғалімдері қатысты. Семинар мектеп психологі И.Б.Қоқымбаева, ағылшын тілі пәні мұғалімі К.С.Камаловалардың ұйымдастыруымен «Мен танимын» танысу тренингімен басталып, пән мұғалімдері Ұ.Д.Байдышева «Музыкалық аспапты жасау және оны сабақтарда қолдану», А.А.Аблаева «Велюрдан үй жағдайындағы аяқ киім тоқу» тақырыбындағы шебер сыныптарында білім берудің педагогикалық әдіс-тәсілдерін тиімді қолданудың ұтымды тәжірибелерімен бөліссе, мектеп педагогтері А.О.Айтуғанов., Э.Ж.Капанова., А.Б.Шабаровалар «Жаңаша әрекет ете біл!» тақырыбында коучинг өткізді. Семинар мектеп өнерпаздарының «Жарқыра, жас жұлдыз!» концерттік бағдарламасымен жалғаса келе, Padlet платформасында қатысушылардың кері байланысымен аяқталды.