Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі

Қайырымдылық – ізгіліктің көрінісі. Ол көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен қол ұшын беру болып табылады. Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар мен жобаларды қолдап, қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді. Солардың бірі – жеке кәсіпкер Шураханов Данат есімді азамат 30000тг қаржылай көмек көрсетті.
Берілген қаражатқа мектептің әлеуметтік педагогымен келісе отырып,мектебіміздің әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларына берілді.(азық-түлік)
Ораза айында аз қамтылған екі отбасыға азық-түлік берілді.
Әлеуметтік педагог: Кушетова М. А.

"№54 негізгі мектебі" КММ