Жаңа жыл – бүлдіршіндер үшін ертегі әлемі есік ашатын ең сиқырлы мереке. Әсіресе, 5-6 жастағы ересек топ балалары бұл күнді ерекше асыға күтеді. Олар қазірдің өзінде кейіпкерлерді танып, рөлдерді сомдап, тақпақтарды мәнерлеп оқи алатын деңгейде.
Күні:26.12.2025жыл
Тақырыбы: «Қош келдің Жаңа жыл!»
Мақсаты: Балаларға жаңа жыл туралы түсінік беру. Аяз Ата сыйлық беретінін айтып, балаларды қуанышқа бөлеу. Шыршаның әсемдігіне назар аударып, ойыншықтардың әдемілігіне қызықтыру. Ертеңгілік барысында балаларды персонаждарға бөліп, өздері кейіпкерлендіруді ұсыну. Әндер, билер арқылы балаларды өнерге талпындыру. Өлеңдерді мәнермен айтып, ертеңгілікте достық сезімдерін ояту, ән, тақпақ арқылы сөздік қорын дамыту.

