Қыс мезгілінде газ баллондарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау

Хабарландыру

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ТЖБ: Қыс мезгілінде төмен температураға байланысты газ баллондарын пайдалану ерекше сақтықты талап етеді.
Апаттық жағдайлардың алдын алу үшін келесі қауіпсіздік шараларын сақтау қажет:

  • газ баллондарын жақсы желдетілетін тұрғын емес үй-жайларда сақтау;
  • газ баллондарының қатты салқындауына жол бермеу және оларды ашық оттың немесе жылытқыш құралдардың көмегімен қыздыруға тыйым салынады;
  • пайдаланар алдында баллонның, вентильдің және шлангтардың жарамдылығын тексеру;
  • газ баллондарын тік күйде, жылу көздері мен ашық оттан алыс жерде орнату;
  • қосылыстардың тығыздығын сабынды ерітінді арқылы тексеру;
  • газ иісі сезілген жағдайда вентильді дереу жауып, үй-жайды желдетіп, мамандандырылған қызметке хабарласу;
  • өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау.

Осы талаптарды сақтау қыс мезгілінде газ баллондарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етеді.

"№54 негізгі мектебі" КММ