№54 Негізгі білім беру мектебімізге Ақтөбе қаласы, Білім қазына әдіскері Садықова Айгул Санкибаевна арнайы іссапармен келді.
🏫 Қонағымыз мектептің білім беру үдерісімен, материалдық-техникалық базасымен және оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастырылуымен жан-жақты танысты. Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби жұмысы мен оқушылардың жетістіктеріне оң бағаларын берді.
✨ Кездесу барысында мектебімізде атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырылып, білім сапасын арттыруға бағытталған бастамалар мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.
🤝 Іссапар қорытындысында білім беру сапасын одан әрі жетілдіру, заманауи талаптарға сай оқыту ортасын қалыптастыру бағытында нақты ұсыныстар айтылып, өзара тәжірибе алмасу жүзеге асты.
Осындай маңызды кездесулер білім беру саласының дамуына серпін беріп, мектеп пен қоғам арасындағы байланысты нығайта түсетіні сөзсіз.
