«Digital Kazakhstan: заманауи білім беру» тақырыбында 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. Әдістемелік кеңес отырысында бастауыш сынып әдістеме бірлестігінің жетекшісі С.М.Самарбаева 2024-2025 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хат, оқу бағдарламалары және қатаң есептіліктегі құжаттардың орындалуын, жүргізілуін жан-жақты талқылады.
Қоғамдық-гуманитарлық пәндер әдістеме бірлестігі жетекшісі А.Б.Шабарова «Цифрлық ұстаз» жобасының, оның мақсат-міндеттері аясында түсіндірме жұмысын жүргізсе, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ж.Б.Мусағалиева білім берудегі жасанды интеллектінің маңызды артықшылықтарының бірі – Жасанды алгоритмдерін білім беру жүйесінде қолдану жолдары, әдістерін таныстырды.
Мектепішілік «Ұлағат» шығармашылық топ жетекшісі А.А.Аблаева топтың биылғы жылдық жұмыс жоспарымен таныстырып, бекітуге ұсынды. Әдістемелік кеңес отырысының соңы әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасар Р.Б.Бижанованың ішкі бағалау, тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстарын жүргізу талаптарын түсіндіру жұмысымен аяқталды.