Мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету үшін, көп балалы, аз қамтылған, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын-алу үшін көмек көрсету мақсатында 01.08-30.09.2024 аралығында «Мектепке жол» акциясы өткізілді.
Аталған акция барысында мектепішілік іс-шара жоспары бекітілді. Осыған орай мектептегі әлеуметтік аз қамтылған оқушылар тізімі жасалып, көмекті қажет ететін оқушылар анықталды. «Мектепке жол» акциясы бойынша сыртқы кәсіпорындарының демеушілігімен 5 оқушыға (мектеп формасы,оқу-құралдары,аяқ киім т.б.) көмек көрсетілді. Әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларына көмек көрсетуге демеушілерді тарту арқылы басты назарға ерекше мұқтаждыққа ие балаларды және қорғаншы, ата –ана қамқорлығынан айырылған, және толық емес отбасынан шыққан балаларды қамту көзделді. Ерікті демеушілер тарапынан категориядағы оқушыларға көмек қарастырылды. Атап айтсақ Ажар сауда үйінің директоры Садыков Аслан Жалғасбайұлы есімді азамат көп балалы, толық емес отбасындағы екі оқушыға мектеп формаларын, аяқ киім алып берді. Сондай -ақ жеке кәсіпкер «Ақтобе АЖАРЫ» сауда үйі smilebebe_shopИП А.А.Уразгалиева есімді азаматша көп балалы отбасындағы үш оқушыға спорттық киімдермен ( спорттық киім, спорттық аяқ киім, бомбер) қамтамассыз етті. Мектеп әкімшілігі тарапынан және ата –аналар тарапынан демеушілерге алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.
«1қыркүйек- Білім күні» мектептің алғашқы қоңырауына барлық балалар мектеп формаларын киіп түгел қатысты.






