Мерекелік іс-шаралар

2022-2023 оқу жылы бойынша мерекелік шаралар

2023-2024 оқу жылы бойынша мерекелік шаралар

1 қыркүйек – Білім күнінде «Мектебім – мейірім мекені» тақырыбында салтанатты жиын өтті. Жиынға мектеп оқушылары, мұғалімдер мен ата-аналар қатысым жасады.

Жиын мектеп директоры Т.Ш.Омаргалиевтің құттықтау сөзімен бастау алды, сонымен қатар оқушылар ән айтып, би биледі. 1-сынып оқушылары алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.

Қыркүйек айының 8 күні «9 айға 9 іс-шара» тұжырымдамасының жоспарына сәйкес «Сергіту сәті» өтті. Сергіту сәтін дене шынықтыру пәнінің мұғлімі А.Сейтжанов өткізді. Шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау.Іс-шараға МАД, 1-9-сынып оқушылары қатысым жасады.

Қыркүйек айының 05-14 күндері аралығында ҚР Тілдер күніне орай «Тіл – асыл қазына» тақырыбында онкүндік өтті. Онкүндік жоспарға ай уақытылы өтті. Онкүндік

барысында оқушылар «Ұшқыр ой мен шешен тіл» сайысы өтті. Сайысқа 7-9-сынып оқушылары қатысым жасады. Сайыс барысында оқушылар үш тілде жұмбақтар шешті, сұрақтарға жауап берді, сурет бойынша әңгіме құрастырды. Нәтижесінде 7-сынып оқушылары жеңіске жетті.

Жоспар бойынша, «Оқуға құштар ұрпақ» кітап көрмесі өтті.Көрме барысында оқушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шыңармашылығымен танысты.

Сонымен қатар, 5-9-сынып оқушылары үш тілде диктант жазды. Мақсаты – оқушылардың үш тілде алған білімдерін тексеру, көркем жазу мен сауаттылықтарын тексеру.

Жоспарға сәйкес, оқушылар арасында «Атадан қалған сөз» тақырыбында челлендж өтті. Челлендж барысында оқушылар үш тілде мәнерлеп оқыды. Және он күні бойы көңілді үзілістер өткізілді. Мақсаты – оқушылардың қоңырау уақытын көңілді әрі қызықты өткізу еді.

1 қазан – Қарттар күніне орай, мектебімізде «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында мерекелік шара өтті. Шараның мақсаты – ауыл қарттарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, құрмет көрсету.

Шараға ауыл қарттары қонақ ретінде шақырылды, мектеп тарапынан сыйлық берілді. Сонымен қатар, оқушылар ән айтып, би билеп, мәнерлеп оқу оқып қарттарымызға көңіл-күй сыйлай білді, батасын алды.

Ұстаздар күніне орай мектепте «Дублер күні» ұйымдастырылды.8,9-сынып оқушылары пән мұғалімдерінің орнына сабақ берді. Және шағын мерекелік концерт өтті.

Жас Ұландықтар мұғалімдерге тәтті тарату арқылы, кішкене болсада көңіл-күй сыйлай білді. Сонымен қатар, аю болып киінген оқушылар ұстаздарды қарсы алып, әнімен, биімен қуантты.

Алтын күз мерекесі «Берекелі Алтын күз» тақырыбында жәрмеңке ретінде өтті. Жәрмеңкеге МАД, 1-9-сынып оқушылар, ұастаздар мен сынып жетекшілер қатысым жасады. Шараның мақсаты – үштік одақ арасында берік қарым-қатынас жасау, оқушыларға қайырымдылық жасауға үйрету. Себебі, жәрмеңке барысында жиналған қаражан қайырымдылыққа жұмсалады.

25 қазан – Республика күніне орай «Жасай бер, Республикам менің» тақырыбында апталық өтті. Апталық жоспарға сай өткізілді.

Апталық барысында «Алтын доп-2023» тақырыбында ер балалар арасында футболдан турнир өтті. Турнирге 5-8-сынып оқушылары қатысым жасады.

Жас ұландықтар оқушылармен, мұғалімдермен сұхбат жүргізді. Мақсаты – еліміз туралы қаншалықты білетіндерін тексеру болатын. Дұрыс жауап бергендер тәтті сыйлыққа ие болды.

Жоспар бойынша МАД,1-9-сынып оқушылары бір мезетте гимн орындады. Бұл шара «Қыран елім – Қазақстан» атты патриоттық акция қарсаңында орындалды. Мақсаты – оқушы бойында патриоттық сезімді ояту, елге, жерге деген махаббатарын ояту.

Тоқсан бойынша барлық іс-шаралар жоспарға сай, уақытылы жүргізілді. Барлық ақпараттар мектептің инстаграм парақшасына салынды.

Күзгі каникул кезінде мектеп кітапханашысының өткізуімен «Күзде біз жалықпаймыз, кітап оқимыз» акциясы өтті. Акцияға 1-9-сынып оқушылары қатысым жасады. Мақсаты – оқушылардың күзгі демалысын пайдалы өткізу және кітапқа деген қызығушылықарын арттыру. Шара барысында оқушылар кітапханадан кітаптар алып оқып, оқыған кітаптарының мазмұндарын бірге талқылады.

15 қараша – Теңге күніне орай мектепте оқушылардың қатысуымен «Төл теңгеміз жайлы не білесің?» тақырыбында сұхбат алынған болатын. Шараның мақсаты – оқушлардың теңгеміз туралы білімдерінің шамасын білу, білмегендерінің білімдерін толықтыру.

23 қараша күні «9 айға 9 іс-шара» тұжырымдамасының жоспарына сәйкес «Асық ату» челленджі өтті. Челлендж әкелер мен оқушылар арасында сайыс түрінде өтті. Мақсаты – әкелер мен мектеп арасындағы қарым-қатынасты арттыру, мектеп шараларына ата-аналарды көптеп қатыстыру, білім алушылардың рухани-адамгершілік мәдениетін, эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, елдің мәдени мұасын сақтау, ұлттық ойындарды насихаттау. Сайыс нәтижесінде әкелер тобы жеңіске жетті.

«9 айға 9 іс-шара» тұжырымдамасының жоспарына сәйкес «Шығарма жазу: Болашаққа хат» челленджі өтті. Бұл челлендж оқушылардың ээсе жазуға бағытталған, осылайша жазу арқылы өз ойларын білдіру дағдылары қалыптасады. Челленджге «Тәуелсіз Қазақстандағы жетістіктерім», «Менің болашағым», «Менің елім үшін болашағым» секілді тақырыптар оқушыларға ұсынылды. Оқушылар өздеріне ұнаған тақырыпта, хат түрінде жазды. Мақсаты – білім алушыларға өзінің жеткен жетістіктері, алға қойған мақсаттары мен болашақ туралы шығарма жазу.

«Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый» тақырыбында апталықтың ашылуы 11.12 күні өтті. Жауаптылар: аға тәлімгер Ж.Б.Мусагалиева, ДТІЖО Ұ.Д.Байдышева.

«Тарихы терең – Тәуелсіздік» тақырыбында Н.Б.Бижанованың ұйымдастыруымен викториналық ойын өтті. Ойын ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептің қашықтықтан оқу форматына көшуіне орай, онлайн түрде өтті. Яғни, мектептің инстаграм парақшасында 17:00-18:00 уақыт аралығында өткізілді. Қойылған сұрақтарға оқушылармен қатар, ата-аналарда белсене ат салысты. Жалпы, викториналық ойынның мақсаты – оқушылардың Тәуелсізд еліміздің тарихын білеуге деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрісін іс жүзінде шыңдау, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

«Тәуелсіздік – байлығым» мәнерлеп оқу байқауы 13.12 күні өткізілді. Сайыс ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептің қашықтықтан оқу форматына көшуіне орай, онлайн түрде өтті. Оқушылардың видеолары алдын –ала түсіріліп, мектептің инстаграм парақшасына жүктелді. Тағайындалғн қазылар алқасы видеоның сапасына, оқушының мәнеріне, жаттауына, киім үлгісін басшылыққа ала отырып, жеңімпаздарды анықтады.Сайыс қорытындысы бойынша, 8-сынып оқушысы Алибаева Ардақ 1-орынға ие болды.

«Жүзден жүйрік» бастауыш сыныптар арасындағы сайыс 14.12 күні өтті. 2-4-сынып оқушылары сайысқа қатысым жасады. Сайыс барысында, оқушылар сұрақтарға

жауап берді, пазл құрастырды, ән айтты. Сайысты ұйымдастырушылар: Ж.К.Раманкулова, Т.Е.Раманкулова, С.М.Смарабаева.

«Тәуелсіздік – тәңірден келген тәтті сый» тақырыбында апталықтың онкүндіктің жабылуы 15.12 күні өтті. Шара барысында онкүндікке белсенді қатысқан оқушылар марапатталды, қорытынды жасалды.

Қаңтар айының соңында мектептің ауласын қардан тазалау шарасы өтті. Шараға оқушылармен қатар, мектептің ер мұғалімдері де ат салысты. Шараның мақсаты – оқушыларды еңбекке баулу.

Қаңтар, ақпан айында республика бойынша «Дос болайық» акциясы өткізілді. Бұл акция біздің мектепте де өтті. Акцияның мақсаты — мектеп ортасында жасампаз ұжымдық шығармашылық негізінде позитивті қатынастарды қалыптастыру үшін жағдай жасау. Акция барысында оқушылардың арасында достықты қалыптастыру мақсатында «Жүректен-жүрекке» шарасы, «Арманың барда, шаршама талма» деп ән шырқалды және акция барысынан естеілк ретінде фоторамка жасалып, оқушылар суретке түсті.

Жоспар бойынша 9-сынып оқушыларына арнап «Мамандықтар әлемінде» дөңгелек үстелі өтті. Мақсаты – оқушыларға мамандықтар туралы мағлұмат беру және мамандықтарға бағыт бағдар беру. Сонымен қатар, мектепке әр түрлі оқу орындарынан мамандар келіп, кездесу де өтті.

Жоспар бойынша, 27.02 күні оқушылардың әскери қызметшілерге, педагогтарға, дәрігерлерге алғыс айту бейнероликтері мектептің инстаграм парақшасына жарияланды. Жауапты: аға тәлімгер Ж.Б.Мусагалиева.

28.02 күні 7,8-сынып оқушылары арасында «Алғыс айту парызың…» тақырыбында шығармалар байқауы өтті. Қазылар алқасы оқушылардың шығармалар жұмысын бағалауда сауатты әрі көркем жазуға, тыныс белгісінінің орналасуын және тақырыпты тереңірек аша білулерін басшылыққа алды. Жауапты маман: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Р.Б.Бижанова.

«Ұстазыма мың алыс» құттықтау жәшігі мектеп фаесінде 28.02 күнінен бастап орнатылды. Оқушылар өздерінің ұстаздарына алғыстарын жазып, жәшікке салып отырды. 1 наурыз күні барлық хаттар өз иелеріне табысталды. Жауапты маман: аға тәлімгер Ж.Б.Мусагалиева.

29.02 күні «54 Еріктілер» тобы мен жетекшісі С.Камалованың бастамасымен «Көмегңіді аяма, жас өрен» тақырыбында ауылымзыдң қарттарына қол ұшын созу акциясы өтті. Мақсаты- қарттарымызға қол ұшын беру, олардың біздің өмірімізде алар орындары ерекше екенін ұғындыру. 7-сынып оқушылары осы мақсатта аулымыздың тұрғыны әрі қарт әжесінің ауласын қардан тазартып берді.

«Мен саған алғыс айтамын» атты психологиялық тренинг 01.03 күні мектеп фойесінде өтті. Мектеп психологі ұзақ қоңырау сәтінде мектептің түске дейінгі және түстен кейінгі оқушыларымен бірге тренинг өткізді. Оқушылар бір-бірлеріне және өз ата-аналарына, ұстаздарына, бауырларына алғыстарын айтып, тәтті сыйлықтармен бағаланды.

Жасұландықтардың ұйымдастыруымен «Ұстаздарға, кіші қызметкерлерге мың алғыс» челленджі өтті. Шараның мақсаты – алғыс айтуға үйрету, бастауыш сынып оқушылары мен өзге сыныптарға үлгі болу.

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай әрі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы негізінде «Сіздерге махаббатпен» тақырыбында концерт өткізілді. Концерт барысында оқушылар ән айтып, би билеп, көркемсөз оқып, аналарымыз бен ұстаздарымызға көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білдік.

14 наурыз – Көрісу күніне орай шағын шара өткізілді. Шара барысында көрісу салты орындалды, мұғалімдер мен кіші қызметкерлерге, оқушыларға бауырсақ пен айраннан дәм татқызылды. Сонымен қатар, жасұландықтар тарапынан оқушыларға бауырсақтар таратылды.

22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні Наурыз мееркесіне орай мектепішілік концерт өтті. Концертке мектеп ұстаздары мен оқушылары қатысым жасады. Шараның мақсаты – ұстаздарымызға, кіші қызметкерлерге мерекелік көңіл-күй сыйлау. Осы мақсатта оқушылар ән айтты, би биледі, шашу шашылып, көріністер қойылды.

Сәуір айында «Достық-көмекпен мықты» акциясы өтті. Акция барысында 9-сынып оқушылары түлектер ретінде мектеп ауласына жеміс ағаштарын отырғызды. Бұл үрдіс бұрыннан келе жатқандықтан, биылда өз жалғасын тапты. Шараға оқушылардан бөлек мектеп директоры, директордығ оқу жөннідегі және тәрбие жөніндегі орынбасарлары, пән мұғалімдері де ат салысты.

12 сәуір –Ғарышкерлер күніне орай мектеп кітапханашысының ұйымдастыруымен шара өтті. Шараға 2,3,5,6-сынып оқушылары қатысым жасады. Оқушылар топ болып, әр түрлі жұмыстар жүргізді. Бір топ тақырыпқа сай сурет салды, енді бір топ суреттерді құрастырып, пазлды тапты, енді бір топ жұмбақтар шешті, қолдан планеталар жасап, түрлі тсүтерге бояды. Шараның мақсаты- ғарыш әлемі туралы түсінік қалыптастыру.

2024-2025 оқу жылы бойынша мерекелік шаралар

1 қыркүйек-Білім күні!

Білім күнімен! Жаңа оқу жылы жаңа жетістіктер мен мүмкіндіктерге толы болсын! Баршаңызға табыс, шабыт және жарқын болашақ тілейміз!

Кітаптар көрмесі

“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Кітаптар айналымы” тақырыбында жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде тарихи және көркем әдеби кітаптар, балаларды адамгершілікке, отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлеңдер, әңгімелер мен танымдық әдебиеттер қойылды.

1 қазан — Қарттар күні!

Бүгін біз өмірдің ең асыл қазынасы — қарттарымыздың мейрамы! Олар — ұрпақ тәрбиелеген, даналықтың, мейірімнің иелері. Әрбір ақ шашты қарияға ұзақ өмір, мықты денсаулық тілейміз. Қамқорлық пен сыйластық әрдайым серігі болсын!

Дублер күні!

Бүгін дәстүрлі әрі өте қызықты күн — Дублер күні өтті. Оқушылар ұстаздардың орнын басып, өзін мұғалім рөлінде сынап көрді. Бұл тәжірибе балаларға жауапкершілік пен тәртіптің маңызын түсіндіріп, ұстаз еңбегінің қаншалықты қиын да қадірлі екенін сезіндірді.
Ұстаздарымызға алғысымыз шексіз! Сіздерге арналған құрметіміз ешқашан азаймайды!

Дәстүрлі күзгі жәрмеңке

«Күзгі асар» — мейірім мен бірліктің мерекесі!
Мектебімізде ерекше көңіл-күй сыйлаған «Күзгі асар» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Бұл шараға барша оқушылар мен ата-аналар белсене атсалысып, өз қолдарымен әзірлеген тағамдар мен қолөнер бұйымдарын ұсынды.
Жәрмеңкеден түскен қаражат толығымен қайырымдылық мақсатында жұмсалды.
Бұл — тек жәрмеңке ғана емес, жүректен шыққан жылулық пен қамқорлықтың көрінісі. Бірлік пен ізгілікке толы осындай шаралар көп болсын!

25 қазан — Республика күні!

25 Қазан — Республика күні құтты болсын!
Бүгін — Қазақстан халқының бірлігі мен тәуелсіздігін айшықтайтын маңызды күн! Республика күні — еліміздің мемлекеттік мәртебесін, демократиялық даму жолындағы қадамдарын айқындайтын мереке.
Бұл күн — әрбір қазақстандық үшін мақтаныш пен жауапкершілікке толы.
Отанымыз аман, Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Еліміз еңселі болсын!
Мереке құтты болсын, қазақстандықтар!

Демалыста кітап оқимыз

“Балалар кітапханасы” жобасы аясында “Демалыста кітап оқимыз!” челленджі өткізілді. Шараның мақсаты — Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуге бағыттау, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқу мәдениетін қалыптастыру. Демалыс күндерін білім мен шабытқа толтыру арқылы оқушылардың сөздік қорын байытып, ойлау қабілетін дамыту.

«Екі жұлдыз» — әнмен өрілген өнер кеші!

Мектебімізде ерекше форматтағы, әсерлі өнер байқауы өтті. «Екі жұлдыз» атты ән сайысында ұстаз бен шәкірт жұптасып, бір сахнада өнер көрсетті.
Бұл шара тек музыкалық талантты ғана емес, ұстаз бен оқушы арасындағы шығармашылық байланыс пен рухани үндестікті паш етті.
Сахнада жарқыраған әр жұп — өнердің, бірліктің, шабыттың символына айналды. Қатысушыларға алғысымызды білдіреміз, өнерлеріңіз өрлей берсін!

Жаңа жыл — 2025!

Жаңа жыл — жаңа үміт, жаңа белес! Жаңа бастамалар мен тың мүмкіндіктердің кезеңі. Келер жыл Сіздерге мол табыс, мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен шаттық әкелсін!
Әр күніңіз қуанышқа, әр ісіңіз сәттілікке толы болсын.
2025 жыл жарқын оқиғалар мен жақсылықтарға толы жыл болғай!

Ұшқыр ой алаңы

Сөз — күш! Дебат — ой мен ойдың сайысы!
Мектебімізде білім мен шешендікке толы дебат турнирі өтті. Қатысушылар өз ойларын дәлелмен жеткізіп, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін, тапқырлық пен шешендікті жоғары деңгейде көрсетті.
Бұл турнир — жастардың белсенді азамат болып қалыптасуына, өз пікірін еркін жеткізе білуіне үлкен жол ашады.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз! Жеңіске жеткен топтарды шын жүректен құттықтаймыз!
Ойы жүйрік, тілі өткір жас ұрпақ — еліміздің ертеңі!

1 наурыз — Алғыс айту күні!

1 наурыз — Алғыс айту күні құтты болсын!
Бұл күн — мейірім мен ризашылықтың, бірлік пен татулықтың жарқын мерекесі.
Бүгін біз жүректен шыққан алғыс сөздерімізді ата-аналарымызға, ұстаздарымызға, достарымызға және айналамыздағы барлық жандарға арнаймыз.
Алғыс — адам жүрегіндегі ең асыл сезім. Бір ауыз алғыс — жанға жылу, көңілге қуаныш сыйлайды.
Жақсылық пен ізгілікке толы күндер көп болсын! Әрбір жан алғыс пен мейірімге бөленсін!

Көктемнің ең көркем мерекесі — 8 НАУРЫЗ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Аяулы аналар, ардақты апалар мен нәзік қыз-келіншектер!
Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге шексіз махаббат, сарқылмас қуат, денсаулық пен шаттық тілейміз.
Әрбір күніңіз гүлдей жайнап, жүректеріңіз мейірім мен қуанышқа толы болсын.
Сіздер бар жерде өмір нұрлы, болашақ жарқын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Күн мен түн теңеліп, табиғат жаңаратын әз-Наурыз мейрамы — береке мен бірліктің, жақсылық пен жаңғырудың символы!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Наурыз әр шаңыраққа құт-береке, молшылық пен ырыс әкелсін.
Дәстүріміз жаңғырып, ұлттық рухымыз асқақтай берсін!
Наурыз — жаңа бастамалар мен жарқын болашақтың жаршысы болсын!

"№54 негізгі мектебі" КММ