«Оқушыларды шығармашылыққа баулудағы мұғалімнің рөлі» тақырыбында эстетикалық пәндер әдістеме бірлестігінің әдістемелік іс-тәжірибемен бөлісу кезеңдері. Оқушылардың бойында шығармашылық қабілетті дамыту жалпы білім беретін пәндерді оқып үйрену кезінде және оқу – тәрбие үрдісінде алған білімдерінің негізінде жүзеге асады. Шығармашылық қабілетті дамытудың маңызды шарты адамның табандылығы болып табылады. Табанды болмай тұрып, ізденістің болуы мүмкін емес. Мектеп оқушыларының бойында осы қасиеттерді дамытқан жөн. Білім сапасына қойылатын қазіргі заман талабының бастысы –бұл баланың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту.